Главная Новости «Самұрық-Қазына» қоры мен Атырау облысы әкімдігі ынтымақтастық меморандумына қол қойды
17 наурыз 2022, 09:44 1159 Алексей Банцикин

«Самұрық-Қазына» қоры мен Атырау облысы әкімдігі ынтымақтастық меморандумына қол қойды

«Самұрық-Қазына» қоры мен Атырау облысы әкімдігі ынтымақтастық меморандумына қол қойды

«Самұрық-Қазына» АҚ мен Атырау облысының әкімдігі әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандум әлеуметтік-еңбек саласын тиімді дамыту және әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға үлес қосу мақсаттарын көздейді.

16 наурызда Атырау облысына «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Қоғаммен байланыс және өзгерістерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов, әлеуметтік және еңбек қатынастары секторының меңгерушісі Қадырбек Егізбаев және Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығының бас директоры Елдос Өмірзақов бастаған делегация жұмыс сапарымен келді.

Қор басшылығы облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Айдарбековпен кездесіп, «Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестікті дамыту саласындағы өзара ынтымақтастық туралы» меморандумға қол қойды. Келісім бойынша, бұдан былай қордың портфельдік компанияларында туындайтын проблемалық мәселелер, әсіресе қызметкерлер мен топ-менеджерлер арасындағы еңбек даулары ұдайы түрде тікелей басты мекеме назарында болады.

«Самұрық-Қазына» АҚ осындай мәселелердің бәріне қатысып, жергілікті атқарушы билікпен бірлесе отырып, еңбек дауларын шешуге тікелей атсалысады. Талқылау және талдау ашық өтеді. Сонымен қатар, қор басшылығы және Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Айдарбеков қол қойған құжат әлеуметтік-еңбек саласын тиімді дамытуға және әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға үлес қосу мақсатында әзірленген.

Қор әкімдікке, жұмыс берушілер қауымдастығы мен ірі өндірістік компаниялардың өкілдеріне, сондай-ақ кәсіподақ ұйымдарына «Әлеуметтік тұрақтылық индексін» анықтау тәжірибесін таратуда қолғабыс көрсетуге міндеттенді. Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» АҚ «Кәсіподақ белсенділерінің корпоративтік мектебі» жобасы аясында кәсіподақ жетекшілері мен келісім комиссияларының өкілдері үшін оқыту семинарларын өткізеді.

Бұдан бөлек, «Самұрық-Қазына» АҚ делегациясы «ЕмбіМұнайГаз» АҚ, Атырау мұнай өңдеу зауыты, «Теңізшевройл» және «НКОК» компанияларының қызметкерлерімен де кездесті.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Нур-Султан, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: