Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Талай танымал әнші-әртістердің өнердегі бірінші баспалдағы «Бозторғай» сынды байқаулардан басталған. Алматы қаласында өткізілген өнер додасына Республиканың түпкір-түпкірінен жиырмадан астам өрен қатысып, жерлесіміз Әмина Асғатова жеңімпаз атанды.
Он жасар Әминаның жеңісіне балаша қуанған әкесі Бауыржан Әжіханов осы жаңалықты жеткізгенде төбесі көкке бір елі жетпей тұрды. Осы орайда «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, әлеуметтік-әкімшілік мәселелер департаментінің инженер-энергетик маманы болып жасайтын әріптесіміздің қуанышын өздеріңізбен бөлісуді жөн көріп отырмыз.

Болашақ жұлдыздарды бала күнінен баулып, кішкентайынан үлкен сахнаға дайындайтын «Бозторғай» байқауы халық арасынан талай таланттарды тауып, жас есімдердің жарыққа шығуына жол ашты. Байқау вокалдық орындау бойынша өткізілді. Әмина бұл сайыстың ең жас қатысушыларының бірі. Маңғыстау облысынан келген бүлдіршіннің мұндай конкурстарға қатысуы бірінші рет емес. Осыған дейін «Минск-2020» музыкалық конкурсына онлайн қатысып, бас жүлде алған болатын. Өнерге өзіндік таласы бар балғынымыз бұл додаға екі ән дайындап апарған, бірі Айнұр Әбдиеваның «Ұқсамаймын басқаға» болса, ал екіншісі италяндық «Ama credi e vai» әні еді. Байқау қорытындысы бойынша әншілер арасындағы сайыста топ жарған Әмина Асғатова гран-при иегері атанды.
Байқаудың бас жүлдесіне ие болған жерлесіміз енді Витебсктегі «Славян базары» фестивалінде Қазақстан атынан өнер бәйгесіне түсіп, бақ сынайтын болады. Сәттілік серік болсын дейміз!
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ facebook парағынан
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
63
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
68
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы