Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қаражанбасмұнай» АҚ жас мамандары жаңа оқу жылында Шахмардан Есенов атындағы университет студенттеріне сабақ бере бастады. Екіжақты меморандум аясында қаражанбастықтар білім алушыларға мұнай-газ ісінің қыр-сырын үйретіп жүр. Студенттердің сабақтан алған әсерімен компания журналистері танысты.
Ұңғымаларды ғылыми-зерттеу өндірістік жұмыстары цехының басшысы Айдын Қожаш әр вахта ауысымнан кейін университетке асығады. Білім ордасында оны машинажасау факультетінің студенттері күтеді. Өзіндік оқу бағдарламасы арқасында мұнайшы-педагогтің дәрістері ұзаққа созылып, қызықты өтеді. Ол теорияны практикамен шебер ұштастырып, студенттердің мамандыққа деген қызығушылығын арттырады.
«Білім беру – өте жауапты іс. Сондықтан дәріске кірісер алдында қобалжу сезімі болғанын жасырмаймын. Дегенмен бәрі ойдағыдай жүзеге асып келеді. ҚБМ мен университет басшылығының сенімін ақтап, студенттерге сапалы білім беруге тырысамыз. Еліміздің мықты жастарын тәрбиелеуге үлес қосып жүргенімізге өте қуаныштымыз», – деді Айдын Қожаш.

Ал №1 мұнай өндіру цехының геологы Бағдат Қойлыбаев магистранттарға сабақ береді. Философия ғылымдарының докторы болашақ ғалымдарды заманауи әдістеме бойынша оқытады. Олардың дәрісі соңғы әлемдік стандарттарға сәйкес өтеді. Сабақ барысында «Кен орындарын игеру» бағыты бойынша арнайы бейнематериалдар көрсетіледі, пікірталас ұйымдастырылады.
«Бізге осы саланың басы-қасында жүрген мамандардың сабағы өте қызықты. Олар Қазақстанда да, шетелде де мұнай-газ ісін оқыған. Сабақта түрлі мысалдар келтіріп, бүкіл әлемдегі кен орындарында жұмыстың қалай жүргізіліп жатқанын әңгімелейді», – дейді студенттер.
Мұнайшылардың білім алушылармен өзара байланысы екі тарапқа да оң нәтиже беріп жатыр. Студенттер үздік мұнайшылардан дәріс алады, ал қаражанбастықтар өзінің ғылыми және педагогикалық қырын дамытады. Айта кету керек, бұл меморандум аясында жүзеге асырылып жатқан алғашқы жоба емес. Аталмыш жұмыстар алдағы жылы да жалғасын табады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
298
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи