Главная Новости Әйелдер вагонына билет алатындар саны артты
16 тамыз 2023, 14:30 1319

Әйелдер вагонына билет алатындар саны артты

Әйелдер вагонына билет алатындар саны артты

Жыл басынан бері мұндай жолаушылар саны 80 мыңнан асса, әйелдер вагоны жобасы қолға алынғаннан бері оның жолаушыларының саны 200 мыңның үстіне шыққан.

Бүгінгі таңда «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясының бұл қызметін 8 бағыт бойынша пайдалануға болады: Алматы – Өскемен, Алматы – Маңғыстау, Павлодар – Түркістан, Маңғыстау – Семей, Атырау – Астана, Ақтөбе – Алматы, Астана – Алматы, Астана – Шымкент.

Вilet.railways.kz сайтында немесе «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның билет кассаларында жол жүру құжаттарын ресімдеу кезінде «әйелдер» вагоны «ЖН» арнайы литерасымен белгіленеді.

Жолаушылардың жайлы сапарлауы үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған және жол жүру жолында әйел жолсеріктер қызмет көрсетеді. Әр рейс алдында пойыз бригадасының барлық қызметкерлері нұсқаудан өтеді.

Әйелдерге арналған вагондарда 7 жасқа дейінгі ер жолаушылардың жол жүруіне рұқсат. Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі және «KTZH_PP_BOT» Telegram боты арқылы алуға болады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: