Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Өткен жылы Қазақстан мұнайының 120 жылдығы жоғары деңгейде атап өтілді. Бұл барлық мұнайшылардың өмірінде ерекше орын алған мереке болды.
Мұнай-газ саласының бүгінгі жетістіктеріне мұнайшы ардагерлердің де қосқан үлесі зор. 200-ден астам мұнай және газ кен орындарын ашқан мұнайшы аға буынының еңбегін ескере отырып, «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры да мұнайшы ардагерлерді қолдауды қолға алған.

Қордың көмегімен іске асырылып жатқан жобалардың ішінде Н.А. Марабаев атындағы «Мұнайшы» қоғамдық қорының «Аға буыннан – жас ұрпаққа» атты бастамасын атап өтуге болады. Бұл жоба мұқтаж және жалғыз басты мұнайшы ардагерлерге, ҰОС қатысушыларына, өндіріс мүгедектеріне қайырымдылық көмек көрсетуге бағытталған. Ардагерлерге атаулы көмектен бөлек, түрлі іс-шаралар ұйымдастыру арқылы оларға құрмет көрсетілуде.

Қайырымдылықпен қоса жоба аясында электронды түрде Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласы туралы бірегей ұлттық білім жүйесін құру көзделген. Атап айтқанда, осы салаға қатысты әмбебап ақпараттық база құрып, мамандар мен жоғарғы оқу орындарының студенттерін қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Ол үшін «Мұнайшы» қоғамдық қорының сайтын жаңартылып, интернет-дүкен қызметі бар электронды кітапхана құрылған. Өйткені қор шығарған барлық кітаптар тарихи, библиографиялық және анықтамалық материал ретінде құнды болып табылады. Ұсынылатын кітаптар Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібі даму тарихын зерттеушілерге арналған құрал.

Электронды басылымдарға қолжетімдікті арттыру үшін «Қазақ мұнайының ардақтылары», «Жеңіс» серияларындағы барлық кітаптар және «Қазақстанның мұнай энциклопедиясы – 2005» цифрланды. Жобаны жүзеге асыру барысында жасалған елеулі жұмыстардың бірі - еңбегі сіңген мұнайшы Х.Ж. Өзбекғалиев туралы кітапті шығару. Барлық басылымдар қордың www.munayshy.kz ресми сайтына жүктеліп, бүгінгі күні көпшілік қауым үшін қолжетімді.
Н.А. Марабаев атындағы «Мұнайшы» қоғамдық қоры 15 жылдан бері қызметін атқарып келеді. 9 мыңнан астам аға буынды мұнайшыларды біріктіретін ұйым бүгінде республикалық деңгейдегі орталыққа айналды.
Айнұр БЕРДАЛИЕВА
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
53
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы