Главная Новости Ағасының ақылын алған Иса!
12 сентября 2023, 10:10 808

Ағасының ақылын алған Иса!

Ағасының ақылын алған Иса!

Сонау жиырма жылдың көлемінде «QazaqGaz» ҰК «QazaqGaz барлау және өндіру» ЖШС Амангелді филиалында «Газ кен орындарын пайдалану» жөніндегі геологы Иса Ошақбаев Түркістан облысының тумасы. Түлкібас  ауданы, Қарағаш ауылында Дауан Қаңлыбаев атындағы мектепте білім алып, 1995-1998 жылдары аралығында Түлкібастағы Агробизнес және туризм колледжінде «Ұлттық шаруашылықта экономика және жоспарлау» факультетінде «Экономист» мамандығын алып шығады.

-  Мамандық таңдауда адаспау керек. Ол кезде үлкен ағам Исақ газ шаруашылығының құрылыс саласында еңбек ететін. Ол кісі газ шаруашылығын таңдауға кеңес берді.Сонымен бұл мамандыққа аңсарым ауып, кітапханалардан шықпайтын болдым. Сөйтіп Қарағанды Мемлекеттік Техникалық университетінің «Пайдалы қазбалар, кен орындарын барлау және барлаудың геофизикалық әдістері» факультетінің «Инженер-геофизик» мамандығын алып шықтым. Әулетіміздің үш өкілі ь газ саласында. Ағам да кейін газ кен орындарын  бақылау, пайдалану бойынша білім алып, осы салада отыз жылдан аса еңбек етіп келеді. Ағамның ұлы – Серік Исақұлы да 16 жылдан бері осы салада, - дейді Иса Қазанғапұлы.

         Мектеп қабырғасында жүргенде қазақ күресінен аудан, облыстық, республикалық студенттер арасында өткен жарыстарда топ жарып жүрген кейіпкеріміз ұлттық компания тарапынан өндіріске енгізіліп жатқан жаңа технологияларды игеруде білім алуды тоқтатпаған. Өзі спорт шеберлігіне үміткер. Ол Қарағандыдан кейін 2010-2012 жылдар аралығында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік Университеті «Мұнай-газ ісі» факультетін технолог мамандығы бойынша бітірсе, 2022 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне «Механикалық және, мұнай-газ ісі» факультетінде магистратураға түсті.

         Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп келген соң, еңбек жолын 2003-2007 жылдары Инженер-геофизик болып бастаған. Кейін 2007-2010 жылдары Каротаж  партиясының бастығы, «ҚазТрансГаз» АҚ «Амангелді газ» ЖШС Шу-Сарысу филиалында еңбек етсе, бүгінде «QazaqGaz барлау және өндіру» ЖШС Амангелді филиалында «Газ кен орындарын пайдалану» жөніндегі геологы. Әріптестерінің ортасында сыйлы, ұйымдастырушылық қабілетімен де танылып жүр.

-  Жұмысшылар арасында өндірістік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау ұлттық компанияның басты ұстанымы. Қыстың аязды күндері, жаздың аптап ыстығында кен орындарында, газ бұрғылау саласында жұмыс атқаратын қызметкерлер үшін барлық жағдай жасалып отыр. Арнайы киіммен жасақталған. Жұмыс басталмас бұрын, қызметкерлердің барлығы дерлігі арнайы нұсқаулықтармен таныстырылады. Өз басым еңбек жолымды газ саласымен байланыстырғанымды мақтаныш етемін, - дейді Иса Ошақбаев.

Ерман ӘБДИЕВ, Жамбыл облысы

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: