Главная Новости Air Astana: әлем көгінде – 19 жыл!
14 мамыр 2021, 11:13 1747

Air Astana: әлем көгінде – 19 жыл!

Air Astana: әлем көгінде – 19 жыл!

Air Astana-ның алғашқы коммерциялық рейс орындағанына 19 жыл толып отыр. Алғашқы ұшақ 2002 жылы мамырда Алматыдан Астанаға аттанған еді.

Air Astana кейінгі 19 жылдағы жиі өзгерістер мен тосындарға қарамастан жолаушыларға қызмет көрсетуде, қауіпсіздікпен қамтамасыз етуде, экологиялық тұрақтылықта жоғары стандарттарға қол жеткізе алды. Әуекомпанияның жыл сайынғы жолаушылар ағымы 2002 жылғы 160 мың көрсеткішінен 2020 жылы жаһандық пандемия алдында 5 млн-ға дейін өсті. Қатынайтын бағыттар 60 ішкі және сыртқы бағытқа дейін жетті, ал әуе флоты орта жасы 3,5 болатын Airbus, Boeing пен Embraer сынды 34 заманауи ұшаққа ие. Air Astana-ның тиімді дамуы SkyTrax, APEX пен Trip Advisor сияқты салалық марапаттармен бірнеше рет дәлелденді.

Air Astana-ның 2019 жылы мамырда FlyArystan деп аталатын Орталық Азиядағы алғашқы лоукостерді іске қосуы стратегиялық маңызды шешім болды. FlyArystan маршруттық желісін Қазақстан ішінде және жақын шетелдерге қатынайтын халықаралық бағыттарға дейін дамытуда. 2 жыл ішінде компания 3 млн жолаушы тасымалдап үлгерді. Пандемияға қарамастан орташа жүктеме 87%, ал рейстердің уақытылы орындалуы 89% болды.

Air Astana-ның басқару тиімділігі дәстүрлі халықаралық рейстер айтарлықтай қысқарып немесе мүлде тоқтатылған пандемия кезінде де, уақытпен де сыналды. Әуекомпания нарықтың басқа да салаларында жаңа мүмкіндіктер қарастырып, тосынға жауап берді. Осылайша, әуекомпаниясы Мальдив аралдары, Мысыр сынды курорттық бағыттар мен Грузияның Батуми және Кутаиси қалаларына тұрақты рейстерін ашты. Сонымен қатар, маусым айында Черногория астанасы Подгорицаға қатынайтын тұрақты рейс ашуды жоспарлап отыр. Air Astana-ның дәстүрлі модельден ішкі сұраныстағы демалыстарға қызмет етуге өтуі сәтті әрі стратегиялық тұрғыда дұрыс болды.

«Әуекомпанияларымыздың «Еуразияның жүрегінен» және «Еуразияның бюджетті әуекомпаниясы» әуезді слогандары қалаушымыз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың BAE Systems атынан сэр Ричард Эванспен бірге 2001 жылдың қыркүйек айында Air Astana-ның және 2018 жылдың қараша айында FlyArystan-ның негізін қалағандағы мақсатты айқын жеткізіп тұр. Біз дұрыс жолда екенімізге және қалаушымыздың қауіпсіздік туралы түсінігін, қызмет көрсетуге қатынасын, тиімді, тұрақты және моральды-этикалық әуекомпаниясын іс жүзінде жүзеге асыра алатынымызға сенемін, – деді Air Astana президенті Питер Фостер. – Клиенттерімізге бізді таңдағаны үшін және барша әріптестеріме мінсіздікке берілгендіктері үшін алғыс айтамын».

Air Astana негізі қаланған алғашқы күннен Қазақстан экономикасына елеулі үлес қосып келеді. 19 жыл ішінде жалпы салық көлемі 103 млрд теңгеден асты.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: