Главная Новости Air Astana Черногорияға тікелей рейстерді қайта іске қосады
31 мамыр 2022, 09:22 1112

Air Astana Черногорияға тікелей рейстерді қайта іске қосады

Air Astana Черногорияға тікелей рейстерді қайта іске қосады

1 маусымынан бастап Air Astana Қазақстан мен Адриатика теңіздің жағалауында орналасқан Черногория мемлекетімен жаңа тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіреді.

Черногорияның астанасы Подгорицаға рейстер жаңа жайлы Airbus 321LR лайнерімен бейсенбі мен жексенбі күндері Нұр-Сұлтаннан, ал дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және сенбі күндері Алматыдан жүзеге асырылады.

  • Нұр-Сұлтаннан рейстер сағат 08:50-де ұшып кетіп, Подгорицаға сағат 10:55-те ұшып келеді және Подгорицадан сағат 12:00-де ұшып кетіп, Нұр-Сұлтанға 21:20-да ұшып келеді.
  • Алматыдан рейстер сағат 07:30 -да ұшып кетіп, Подгорицаға 10:25-те ұшып келеді, ал Подгорицадан кері қарай 11:30-да ұшып кетіп, Алматыға 21:25-те ұшып келеді.

Екі бағыттағы билеттердің құны салықтарды ескере отырып, эконом-класта 252 255 теңгеден, ал бизнес-класта 753 565 теңгеден басталады. Брондау әуекомпаниясының airastana.com сайтында қолжетімді.

Қазақстан мен Черногория арасындағы рейстер 2021 жылғы жазғы кестесінің бөлігі болған және Адриатика жағалауында демалғысы келген көптеген туристерді қызықтырды. Черногорияға сапар жоспарлаған жолаушыларға ПТР тесті мен вакциналау паспортын алудың керегі жоқ. Қазақстан азаматтары Черногорияда 30 күнге дейін визасыз бола алады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: