Главная Новости Air Astana «гауһары». Әуе компаниясы APEX аудитінен өтті
19 мамыр 2021, 09:16 735

Air Astana «гауһары». Әуе компаниясы APEX аудитінен өтті

Air Astana «гауһары». Әуе компаниясы APEX аудитінен өтті

Air Astana алғашқылардың бірі болып APEX аудитінен өтіп, гауһар мәртебеге ие болды. Бұл аудитті APEX SimpliFlying компаниясымен бірге ұшу кезінде Covid-19 вирусының таралуын тоқтату және азайту мақсатында жасап шығарған болатын.

Аудит жолаушылар мен экипажды ұшар алдында тестілеу, жолаушыдан вирус анықталған жағдайда онымен қатынасқан адамдарды бақылау, жердегі іс-шаралар, ұшу кезіндегі қауіпсіздік ережелері мен рейс алдындағы тазалау жұмыстарының сапасы сынды шарттарды қамтиды.

Аудитор әлеуметтік қашықтықтың сақталуы, міндетті термометриядан өту, бетперде тағу сияқты басқа да талаптарды бағалады. Air Astana бортсеріктері міндетті түрде әр үш сағат сайын бетперде ауыстырады, қызмет көрсетер алдында және ұшу барысында қолдарын зарарсыздандырады, жолаушылардың басқа орынға отырмауын қадағалайды және басқа да ережелерді бақылауда ұстайды. Пандемия салдарынан әуекомпания бортындағы тазалау жұмыстары үлкен өзгеріске ұшырады. Қазір әр рейс алдында ұшақ салоны мен ас үйіндегі барлық жабдықтың беті зарарсыздандырылады. Бұл ұшақтың негізгі және жедел тазалауына кіреді.

Жолаушылардың денсаулығына қауіп төндірмеуді әрі қарай дамыту үшін SimpliFlying медицина мен ғылыми қызметкерлерден тұратын жұмыс тобын құрды. Олар Covid19 вирусының таралуына қарсы тұратын соңғы зерттеулерді зерделеу үшін жиі бас қосып тұрады. Әуе компаниясы өз кезегінде аудит кеңестеріне сай қажет жағдайда жолаушылардың қауіпсіздік деңгейін жоғарылатуға қатысты жаңа талаптарды енгізіп тұрады.

«Пандемияның әлемдік әуе транспортына тигізген салдары көп. Әуе компаниялары рейстерді үкіметтердің санитарлық талаптары мен кеңестеріне толықтай сүйеніп орындайды, сондықтан әуе саяхаты әлі де қауіпсіз болып қала бермек. Бұл бағдарлама ғылыми негізделген талдау негізінде салада жаңа стандарт қалыптастыруға мүмкіндік береді. Біздің әуе компаниямыз ТМД мен Оңтүстік-Шығыс Азиядағы аудиттің ең жоғары бағасы – гауһар мәртебе алған алғашқы компания болғанына қуаныштымыз», – деді Бортта қызмет көрсету бойынша вице-президент Маргарет Фелан.

Бұл аудиттен өткен әуе компаниялары қатарында Turkish Airlines, Qatar, United, Delta, Etihad, Singapore Airlines және басқа да жетекші компаниялар бар.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: