Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
2026 жылғы 21 қыркүйекте Алматыда "Эйр Астана" АҚ, "Kazakh Tourism "ҰК" АҚ және Қазақстанның бес аймағы 2027 жылға арналған стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл серіктестіктің мақсаты – кіру туризмін дамытуды қолдауда синергеялық әсер қалыптастыру, жолаушылар легін ұлғайту және Қазақстанның халықаралық нарықтағы орнын нығайту.
Келісімге Air Astana, Kazakh Tourism, Астана мен Алматы әкімдіктері, сондай-ақ Алматы, Ақмола және Маңғыстау облыстары қол қойды. Тараптар Қазақстанды туристік бағыт ретінде ілгерілету жөніндегі бірлескен бастамаларды іске асыру үшін өздерінің маркетингтік, коммуникациялық және ұйымдастырушылық ресурстарын біріктіреді.
Ынтымақтастық digital науқандарды өткізуді, ірі халықаралық көрмелер мен роуд-шоуларға қатысуды, халықаралық серіктестер мен БАҚ өкілдері үшін танысу сапарларын, B2B іс-шараларын, сондай-ақ басым нарықтарды бірлесіп талдауды қамтиды.
«Шетелдік меймандарды тарту – бұл ең алдымен бірлескен еңбектің нәтижесі. Мүмкіндіктерімізді ұлттық әуе компаниясымен және өңірлермен тоғыстыру арқылы біз сыртқы нарықта Қазақстанның танымалдылығын арттырамыз. Бұл қадам елімізге саяхатшылардың тұрақты келуін қамтамасыз етіп, аймақтардағы қызмет көрсету саласы мен бизнестің өркендеуіне жол ашады», – деп атап өтті «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Ғазизов.
«Біз Қазақстанға халықаралық авиатасымалдардың өсуімен бірге кіру туризмін бірлесіп дамытуға бағытталғанбыз», – деді Air Astana компаниялар тобының бас атқарушы директоры Ибрахим Жанлыел. "Біздің мақсатымыз – Қазақстанды шетелдік саяхатшылар үшін қолжетімді ету, бай мәдени мұра мен көрікті жерлердің әртүрлілігі туралы хабардарлықты арттыру, сондай-ақ Қазақстанды туристік бағыт ретінде ілгерілету. Kazakh Tourism және өңірлермен тығыз ынтымақтастықтың арқасында біз халықаралық маркетингтік іс-шараларда синергияға қол жеткізе аламыз, Қазақстанды және Air Astana желісін неғұрлым тиімді ілгерілетеміз, сондай-ақ қонақтарымыздың саяхатының барлық кезеңінде әлемдік деңгейдегі сервисті қамтамасыз ете аламыз".
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
249
14 сентября 15:20
Когда железная дорога становится частью жизни: история Тусупа Тлеулесова