Главная Новости Air Astana Skytrax Covid-19 рейтингінде 5 жұлдызға ие болды
15 шілде 2021, 09:08 721

Air Astana Skytrax Covid-19 рейтингінде 5 жұлдызға ие болды

Air Astana Skytrax Covid-19 рейтингінде 5 жұлдызға ие болды

Air Astana Skytrax-тың  Covid-19 таралуын болдырмау бойынша сертификациясынан өтті, деп хабарлады компанияның Корпоративтік коммуникациялар департаменті.

2021 жылы мамыр-маусымдағы аудит пандемия жағдайында Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы Air Astana нысандарындағы денсаулықты қорғау мен тазалық шараларына талдау жасады.

Тазалау мен дезинфекция реті, жеке гигиена құралдарының стандарттары мен қолдану ережелерінің сақталуы, ақпараттық-танымдық белгілер мен дезинфекциялау құралдарының болуы, әлеуметтік ара қашықтықтың сақталуы мен рейске тіркелу, қону мен ұшу кезінде санитарлық маска қолдану бағаланды. 

«Пандемияның алғашқы күнінен бері Air Astana жолаушылардың денсаулығын қорғау мақсатында барлық қажет шараларды сақтайды, – деді Air Astana президенті Питер Фостер. – Бұл міндетті орындаудағы адалдығымыз бүгінгі Skytrax сертификатты алуымызға себеп болды. Бұл жолаушыларымызға ұшар алдында қосымша сенім беретініне сенімдімін».

Skytrax-тың Бас директоры Эдварт Плейстед «Air Astana Covid-19 тәуекелін азайту мақсатында әдістемеге жүгінеді. Аудит әуекомпанияның борттағы гигиена бойынша санитарлық талаптарды сақтау мен пандемия кезінде түзетілген борттағы қызмет көрсетуді орындағанын ерекше атап өтті» деді.

Биыл Air Astana әуекомпаниясы APEX рейтингінде ұшу кезінде Covid-19 таралуын болдырмау және азайту бойынша Diamond деңгейін иеленгенін еске саламыз.

Бүгінде Air Astana әуекомпанияның жолаушылардың денсаулығының қауіпсіздігі үшін қауіпсіздік шараларын толықтай сақтайтынын тағы бір рет дәлеледеді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: