Главная Новости Ақлима Дарқамбаева: Қаражанбас өз үйімдей жайлы мекен
25 қазан 2021, 10:30 540

Ақлима Дарқамбаева: Қаражанбас өз үйімдей жайлы мекен

Ақлима Дарқамбаева: Қаражанбас өз үйімдей жайлы мекен

Ақлима Дарқамбаева осыдан 25 жыл бұрын Қаражанбасқа алғаш рет киномеханик ретінде қадам басты. Ол мұнайшылар үшін Ақтаудан арнайы кинофильмдер апарып, жұмыстан бос уақыттың қызық та тиімді өтуіне атсалысқан бірден-бір маман. Ақлима 15 жылға жуық уақыт аталмыш қызметті абыроймен атқара жүріп, өндіріс өміріндегі түрлі мәдени шараларды ұйымдастыру мен өткізуге зор үлес қосқан.

«Ауыр жұмыс күнінен кейін бой жазып, көңіл сергітіп, демалған жақсы ғой. Жұмысшылар кино залына ерекше асығып келетін. Тоқсаныншы жылдардың соңында ең таңдаулы фильмдерді мұнайшылар үшін алғашқылардың бірі болып көрсетуге барымызды салатын едік. Бұл менің қызметімдегі жарқын жылдар ретінде жадымда мәңгіге сақталады», – дейді Ақлима.

Ақлима бұдан соң жылу және сумен қамту цехына ауысып, кәріз суын тазалау қондырғысының операторы қызметіне кірісті. Ерлермен иық тіресе еңбек ететін ол, жұмысының қызық әрі қиын екенін айтады. Ақлиманың тұңғышы Жәнібек Аққалиев анасының әріптесіне айналып, он жылдан астам уақыттан бері өндірісті автоматтандыру цехында бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика слесарі болып жұмыс істейді.

«Жылыту маусымы басталатын кезде жұмысымыз қыза түседі. Дегенмен цехмыздың білікті мамандарының арқасында барлығы ойдағыдай жүзеге асады. Мен де өзімнің өндіріске қажетті мамандар қатарында екенімді мақтан тұтамын. Қаражанбас өз үйімдей жайлы әрі ыстық мекен», – дейді Ақлима.

Өндіріс өміріне әбден машықтанған нәзік жанды Қаражанбастың қарыштап дамуы үшін бар күш жігерін салуға дайын. Қос ұлдың анасы, төрт немеренің ардақты әжесі, Қаражанбас болашаққа жарқын жол бастайтынына кәміл сенеді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: