Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Биыл I тоқсанда Ақтау битум зауытында өндіріс қарқыны төмендеді. Кәсіпорын шамамен 29,5 мың тонна өнім өндірді, жоспар – 100 мың тонна. ҚР Энергетика және көлік министрліктері бекіткен автожол жобаларын жол битумымен қамтамасыз ету жөніндегі 2024 жылға арналған жол картасында көзделген битумды қыс маусымында дайындау толық көлемде орындалмады. Себебі – жол-құрылыс ұйымдарынан өтінімдердің болмауы, зауыттан дайын өнімді дер кезінде әкетпеуі және жол-құрылыс ұйымдары тарапынан жүк тасымалдаушыларға уақтылы ақы төлемеуі.
Зауыт өңдеу үшін пайдаланатын Қаражанбас кен орнының мұнайы жоғары сапалы жол битумын өндіруге мүмкіндік береді. Өнім сапасын бақылау бірнеше сатыны қамтиды. Біріншісі – ЭЛТҚ-АВҚ, тотығу және модификациялау цехындағы технологиялық процесті талдамалық бақылау. Екіншісі – резервуардағы битумды құжаттау. Үшіншісі – арбитражды үлгілерді таңдау және жөнелту кезінде оларды сақтау. Кәсіпорын пайдалануға берілген сәттен бері битум үлгілері «ҚаздорҒЗИ» АҚ аккредиттелген зертханасында үнемі тексеріліп отырады. Сондай-ақ 2021 жылдан бастап зауыт өнімдерін жол активтері сапасының ұлттық орталығын ай сайын бағалайды.
Былтыр ҚР Энергетика министрлігінің ведомствоаралық жұмыс тобы «CASPI BITUM» компаниясында болды. Сапар барысында сынамалар алынып, алдымен зауыт зертханасында, одан кейін Жол активтері сапасының ұлттық орталығы зертханасында талданды. Жүргізілген зерттеулер Ақтау зауытында өндірілетін битум қазақстандық стандартқа толық сәйкес келетінін көрсетті.
Жалпы, Ақтау битум зауыты өнімді уақтылы жөнелте отырып, жыл бойына ең жоғары өнімділікпен жұмыс істеуге дайын. Ол үшін кәсіпорында барлық жағдай жасалған. Зауыттың қуаты жылына 500 мың тонна битум (айына 50 мың) болғанымен, ол 110% өнімділігімен жылына 550 мың тоннаға дейін битум өндіруге қауқарлы.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
68
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
77
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы