Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Ақтау портында «АТСП» ҰК» АҚ басшылығы мен «Азық-түлік келісім корпорациясы» ҰК» АҚ басшылығының кездесуі өтті.
Кездесуге Ақтау порты арқылы Иранға үздіксіз астық экспорттауды қамтамасыз ету мақсатында портпен тығыз байланыста жұмыс істеп жатқан «Азық-түлік келісім корпорациясы» ҰК» АҚ мен «Ақ бидай-Терминал» АҚ басшылығы мен өкілдері, басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.
«АТСП» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Абай Түрікпенбаев «ҚТЖ» ҰК» АҚ және ҚР Үкіметімен бірлесіп, өткен жылдар деңгейінде астық тасымалдау көлемін қалпына келтіру бойынша ҚР АШМ деңгейінде белсенді шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.
Өз кезегінде «Азық-түлік келісім корпорациясы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асылхан Жувашев порт басшылығына кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіріп, «АТСП» ҰК» АҚ-мен тығыз өзара іс-қимыл бағытын одан әрі ұстануға ниетті екендерін атап өтті. Сондай-ақ ол Иран бағытында астық экспортын ұйымдастыру мәселелері бойынша ҚР Үкіметі деңгейінде келіссөздер жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Айта кетейік, биылғы қаңтар айында Ақтау теңіз порты арқылы жүктерді ауыстырып тиеудің жалпы көлемі 360 мың тоннадан асып жығылған.
Бұл өткен жылдың есепті көрсеткішімен салыстырғанда 12,7% жоғары. Порт 3 мыңнан тонна астық, 310 мың тонна мұнай мен мұнай өнімдерін ауыстырып тиеген.
Теңіз айлағы 2,3 мыңнан астам контейнерді жиырма футтық эквивалентте өңдеді, бұл өткен жылдың алғашқы айына қарағанда 30% көп. Оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағдары бойынша 2 мыңнан астам ЖФЭ бар. Бұл көрсеткіш өткен жылдың деңгейіне қарағанда екі есеге өсіп отыр.
Сұлугүл Бакесова
Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"
349
27 апреля 12:01
Алатау Жарық Компаниясы: қауіпсіздік технологиялар бақылауында
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
284
05 мая 11:53
Казахстан усиливает ИИ-инфраструктуру: проекты «Казахтелекома» представлены на GITEX 2026
217
04 мая 15:35
KEGOC: цифровизация и искусственный интеллект