Главная Новости Ақтөбе облысында 20 жайлы мектеп салынады
03 наурыз 2023, 09:45 982

Ақтөбе облысында 20 жайлы мектеп салынады

Ақтөбе облысында 20 жайлы мектеп салынады

Ақтөбе қаласында жұмыс сапары барысында «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасы Маулен Айманбетов Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановпен кездесті.

Облыс әкімінің төрағалығымен өткен кеңейтілген форматтағы кеңесте «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, кеңеске қала әкімінің орынбасары, білім, құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, қаржы, сәулет және қала құрылысы басқармаларының басшылары, жергілікті құрылыс және жобалау компанияларының өкілдері, Ақтөбе облысының жобалау кеңсесі қатысты.

Маулен Айманбетов өз баяндамасында жер телімдерін ресімдеу, инженерлік коммуникацияларды жүргізу мәселелерін қозғап, әлеуетті мердігерлерге «дайын күйінде тапсыру» құрылыс пен жобалауға арналған кешенді жұмыстардың шарттары мен талаптары бойынша түсініктеме берді. Бизнес-қоғамдастық өкілдері «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасын іске асыруға қатысу мақсатында қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Өз кезегінде Ералы Тоғжанов «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыруға қолдау білдіріп, бұл ұлттық жоба Ақтөбе облысындағы апатты және үш ауысымды мектептер проблемасын толығымен болдырмауға мүмкіндік беретінін мәлімдеді.

Анықтама: Ақтөбе облысында «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында 20 мектеп салу жоспарлануда, оның 4-і облыс аудандарында. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ ұлттық жобаның нысаналы құрылысы жөніндегі Дирекция бола отырып, 2023 жылы – 14 мектеп, ал 2024 жылы 6 мектеп құрлысына кіріседі.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: