Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Фото: KEGOC
"KEGOC" АҚ халықаралық белді байқауда "Ең үздік цифрлық кеңсе" атағын жеңіп алып отыр. Ал бұған Компанияда енгізілудегі озық технологиялар себеп болуда. Жалпы еліміздің электр желілерін дамыту, энергетика жүйесінде жаңа нысандарды іске қосу, қазіргі заманғы зияткерлік жобаларды жүзеге асыру сынды мәселелер жөнінде "KEGOC" АҚ Басқарма төрағасы Бақытжан Қажиевтің "Егемен Қазақстан" газетіне сұхбатында өрбіді.
"Бұл кездейсоқ келе салған жүлде емес. Қазіргі таңда компания технологиялық қамту көрсеткіштері бойынша әлемдегі ең озық электр желілері компанияларының деңгейінде. Ең басты фактінің бірі – "KEGOC" компаниясының өндірістік процестерін цифрландыру жөніндегі жұмысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды платформасында айтылған "Заманауи, "ақылды" технологиялар енгізу арқылы энергетикалық жүйені модернизациялау" туралы тапсырмасын жүзеге асырумен тікелей байланысты", - дейді ол.
Оның айтуынша, "KEGOC" АҚ "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында "Smart Grid" элементтерін бірнеше жоба арқылы енгізіп жатыр. Нәтижесінде Қазақстан Республикасының электр желілері жүйесін жаңғырту міндеті орындалмақ.
Саладағы маңызды оқиғалардың бірі ретінде 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында жаңа электр нарығы іске қосылғаны атап өтілуде.
Компания басшысы KEGOC тұтынушылар тарапы жағымды өзгерістерді, атап айтсақ мәліметтерді өңдеу уақыты азайғанын, бүкіл қажетті ақпараттарды, соның ішінде, төлем құжаттарын бір орталықтан алу мүмкіндігі пайда болғанын сезінгенін келтіреді. Бұдан өзге, тұтынушының жеке кабинеті арқылы, яғни, энергия нарығындағы 300-ге жуық субъект келісімшарттардың жай-күйі мен статистикалық ақпаратына, қаржылық құжаттарға қол жеткізіп, есептерді бақылай алмақ.
"Осы жылдың соңына дейін көлемдерді сәйкестендіру актілеріне, коммерциялық есеп құрылғыларын сәйкестендіру актілеріне электронды цифрлы қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы қол қою тетігін енгізуді жоспарлап отырмыз. Яғни құжаттарға қағазда қол қойып, мөр басылмайды. Бұл жұмысымызды, әсіресе арнайы филиалдардағы қызметкерлердің жұмысын әлдеқайда жеңілдетеді, сондай-ақ поштамен хат жіберуге кететін шығынды азайтады. Сонымен қатар, келесі жылы электр қуаты нарығымен байланысты қосымша құрамдас бөлікті енгізу арқылы жүйенің қызметін кеңейту жоспарланып отыр", - деп әңгімелейді Бақытжан Қажиев.
Толығырақ сұхбаттың өзінен оқи аласыздар.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
55
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
61
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы