Главная Новости Алғаш рет кеңсе олимпиадасы өтті
05 қараша 2019, 10:17 1824

Алғаш рет кеңсе олимпиадасы өтті

Алғаш рет кеңсе олимпиадасы өтті

"Богатырь Көмір" компаниясының жастар қозғалысы қалыпты жұмыс барысынан шыға алып, спорт пен көңіл көтеру қосындысынан ерекше шара жасады. 

"Көмір өндіру компаниясында алғашқы кеңселік олимпиада өтті. Үлкен ұжымдағы түрлі құрылымдық бөлімше командалары "Северный" спорттық кешенінде скейтбордтарда, дөңгелегі бар креслоларда кулер мен бір рет қолданылатын тостағандарымен өзара ептілік пен хабарласа бірге жұмыс жасау жөнінен сайысқа түсті. Соңында жаңа спорт түрі - хэд-боулинг пайда болып, достық жеңіске жетті. Болашақта - мұндай жарыстарды дәстүрлі етіп, командалар үшін сайыстарды түрлендіре түсу жоспарлануда" деп жазады Компанияның баспасөз қызметі.

Жалпы "Богатырь Көмір" компаниясында оң жаңалықтар жиналып қалыпты. Мәселен, Кипр аралы Лимассол қаласында самбо шеберлерінің арасында өткен әлем чемпионатында Компания қызметкері Серік Саттаров ұлттық құраманың қатарында үшінші орынға ие болса, "Nomad ММА" нұсқасы бойынша аралас жекпе-жек бойынша Азия чемпионатында автобазаның бас инженері Алтынбек Ысқақов та қола жүлдегер атанған.

Тағы бір жеткізер жағымды жайт, богатырькөмірліктер Халықаралық зағиптар күніне орай, "Жарық" қоғамы" Екібастұз оқу-өнідірістік орталығына олимпиадалық спортшыларға спорт киімдерін сатып алу үшін 360 мың теңге бөлді. Атап өтерлік жайт, кеншілердің нашар көретін адамдарды қолдаулары бірінші рет емес. Осы жылы "Богатырь Көмір" басшылығының қолдауымен "Жарықтың" елуден аса мүшесі Баянауылдағы "Жасыбай" демалыс орталығында демалған.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: