Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында "Нөлдік көрсеткішке жету – басты міндетіміз" тақырыбымен жыл сайынғы "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) бас директорларының V форумы өтті. Шара "ҚазМұнайГаз"компаниялары тобында еңбек пен қоршаған ортаны қорғау саласының ағымдағы хал-ахуалын бағалау және қауіпсіздік мәдениетін жетілдіру мақсатымен өткізіліп отыр.
Форум жұмысына ҚМГ мен еншілес және тәуелді ұйымдарының басшылары, бірқатар қазақстандық және шетел компанияларының өкілдері қатысты. Компанияның міндеттері мен проблемалық мәселелерін талқылау үшін алғаш рет мердігерлік ұйымдардың өкілдері шақырылды. Форумның қатысушыларын құттықтаған ҚМГ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев барлық қызметкерлердің ойлау мәдениетін өзгертіп, оларды еңбек, өнеркәсіп қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне жұмылдыру керектігіне назар аударды.
Бұдан басқа, компанияның серіктестері мен мердігерлерінің басты мақсаты нөлдік көрсеткіштерге жету болуы тиіс. Биыл олардың еңбек пен қоршаған ортаны қорғау нормаларын сақтауына ерекше бақылау орнату жоспарланып отыр.
"Осы жылы біз мердігерлік ұйымдарда еңбек пен қоршаған ортаны қорғау бойынша тиімді жұмысты қамтамасыз етудің бағдарламасын іске қостық. Себебі олар өндірістік міндеттерімізді іске асыру ісінде маңызды рөл атқарады. Өзара тығыз байланыс жағдайды барынша жақсартуға мүмкіндік береді. "ҚазМұнайГаз" компаниялары тобының және мердігерлік ұйымдардың барлық қызметкерлері үйлеріне жұмыстан аман-есен оралуы үшін біз бар күш-жігерімізді салып, еңбек ететін боламыз", - деді А. Айдарбаев.
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау көрсеткіштері бойынша соңғы 4 жыл ішінде компанияда 2018 жыл ең үздік болғанын атап өту қажет. Бұл ретте компания басшылығы келесі кездесуде жағдайды жақсарту мәселесін емес, нөлдік көрсеткіштерге жетуге кедергі келтірген себептерді талқылауды міндеттеді.

Сондай-ақ жиында компания қызметінің қоршаған ортаға теріс әсерін азайту және су ресурстарын басқару, еңбек қауіпсіздігі мен апаттардың алдын алу, қауіпсіздік мәдениетін арттыру мәселелері бойынша мекемелердің бірінші басшыларының дербес жауапкершілігін күшейту сияқты өзекті мәселелер көтерілді. Өндірістік қызметте, өндірістік жарақат алу мен қоршаған ортаға залал келтіруде нөлдік көрсеткішке жету мақсатымен, ҚМГ, Қазақстанда алғаш рет қауіпсіздік мәселелеріне арналған SPE Каспий симпозиумын өткізуге бастамашылық жасады. Аталған шара осы жылдың қыркүйек айында KAZENERGY форумы шеңберінде өтетін болады.

10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
66
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
72
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы