Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Құлжа трактінің оңтүстігінде, Медеу ауданындағы «Шығыс қақпасы» жаңа полиорталығының аумағында 2000 орынға шақталған жайлы мектеп бой көтеруде. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Амангелді Саттаров құрылыс барысы жайлы баяндады. Бүгінде білім ошағының қаңқасын тұрғызу жұмыстары жүргізілуде.
«Жайлы мектеп үш қабатты болады, асхана төменгі қабатта, яғни жертөледе орналасады. Аумақта үлкен стадион қарастырылған. Жаңа нақты жоспарға сәйкес осыған дейін қарастырылған тұрақ орнына жасыл желектер отырғызылады. Автокөліктер үшін бөлек тұрақ болады. Нысанды ағымдағы жылдың соңына дейін тапсыруды көздеп отырмыз»,- Амангелді Саттаров
Құрылыс алаңындағы жұмыстар танысқан қала әкімі мектепті кіреберіс жолдармен және автотұрақпен қамтамасыз ету барысында қауіпсіздік шараларына баса назар аудару қажеттігін атап өтті. Бұл ретте жылдамдық режимін шектеу енгізіліп, жаяу жүргіншілер өткелдері жабдықталады. Сондай-ақ, Ерболат Досаев нысанның инженерлік желілерін жалпықалалық желілерге уақтылы қосу және көрсетілген мерзімде құрылысты аяқтау қажеттігін жеткізді.

Ұлттық жоба игілігін Медеу ауданының «Думан», «Думан-2», «Атырау», «Кеңсай» және «Алатау» шағын аудандарында тұратын балалар көрмек. Жаңа білім ошағы аталған шағын аудандарда орналасқан қолданыстағы үш - №98, 99 және 64 мектептердің жүктемені айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.
Еске сала кетейік, Алматыда Президент бастамасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 36800 оқушыға арналған 22 мектеп салынуда. Оның 13-і «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тапсырысы бойынша жүзеге асырылып жатыр.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
95
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
103
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы