Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Алматы жол бөлімшесінің Жетіген – Алтынкөл учаскесінде TETRA стандартты радиоарна негізінде пойыздар қозғалысын аралық реттеу жүйесі енгізілуде. Қазіргі кезде сынақтардың үшінші кезеңіне өтуге дайындық жүргізілуде. Жүйе жұмысын тестілік сапар барысында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының орынбасары Қанат Көбесов тексерді. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Қазіргі таңда «ақылды» жүйе Алматы локомотив пайдалану депосының 12 локомотивіне орнатылған.
«Борттық жүйе пойыздардың қарқынды қозғалысы мен өткізу қабілеті жоғары учаскелерде кесте бойынша пойыздың қауіпсіз жүруін қамтамасыз етуге арналған. Жүйені пайдалану қымбат тұратын сигналдық-бұғаттау кабельдері мен байланыс желілерін тартудан, бағдаршамдар орнатудан және рельстік тізбектер жабдықтарынан толықтай бас тартуға мүмкіндік туғызып отыр. Бұл көлік инфрақұрылымына салынған инвестициялардан едәуір қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жаңа енгізілім ҚР мен ҚХР арасындағы пойыздар алмасуын жақсарту мәселелерінде маңызды болып табылады», – деді Қанат Көбесов.
Аралық реттеу жүйесін пайдалану пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін едәуір арттырады. Жүйе машинистің өзіндік электронды көмекшісі болды. Оның кабинасында ол сигналдық көрсеткіштері мен жылдамдық шектеулерін: максималды рұқсат етілген, 1 км/сағ дәлдікпен рұқсат етілген және пойыздың нақты жылдамдығын көрсетеді. Жүйе егер машинист жағдайға жауап бермесе, жылдамдықты асырса, бағдаршамның тыйым салған белгі беруі көрсеткішін елемесе ескертеді. Сапардың барлық оқиғалары, соның ішінде штаттан тыс жағдайлар туралы ақпарат тіркегіште сақталады.
Радиоарна бойынша барлық ақпарат локомотивтен жол бөлімшесіндегі стационарлық жабдыққа түседі, ол арқылы пойыздың орналасқан жерін және рұқсат етілген қозғалыс параметрлерін анықтауға болады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
174
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде
106
03 декабря 17:46
АлЭС ищет таланты: ярмарка вакансий в ALT Университете