Главная Новости Алматы облысында қандай энергетикалық жобалар жүзеге асырылуда?
01 тамыз 2022, 10:04 1076

Алматы облысында қандай энергетикалық жобалар жүзеге асырылуда?

Алматы облысында қандай энергетикалық жобалар жүзеге асырылуда?

Қазақстан энергетикасындағы жобалар аяқталу сатысында, «Самұрық-Энерго» АҚ портфелінде келешекте және бүгінгі таңда жүзеге асырылып жатқан жиынтық сомасы 2 триллионнан астам сомадағы қаржы игерілуде. Бұл соманың жартысынан астамы Алматы облысы мен Алматы қаласындағы бірқатар ірі жобаларға тиесілі. Мұндай мәліметтерді «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Серік Түйтебаев Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевпен болған жұмыс кездесуі барысында мәлімдеді.

Қонаев қаласында өткен кеңесте «Самұрық-Энерг» АҚ-ның Алматы энергия кешеніне кіретін ұйымдарының өндірістік қызметі талқыланды, сондай-ақ компанияның осы аумақта энергетика саласы бойынша іске асырылып жатқан инвестициялық жобалары мен олардың болашақтағы жұмысы және Алматы қаласындағы ЖЭО-2 және Алматы облысындағы ЖЭО-3 объектілері үшін газ инфрақұрылымы жөніндегі жоспарлар қаралды.

Серік Түйтебаевтың айтуынша, «Самұрық-Энерго» Қазақстанның энергия жүйесінде стратегиялық орынды иеленеді. Компанияда 2022 жылы және алдағы жылдары шешімін табуы тиіс негізгі міндеттердің бірі – ел энергетикасындағы маңызды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру және қоршаған ортаға теріс әсерді төмендету бағытында қабылданып жатқан шараларға қолдау көрсету. Алматы облысында «жасыл»  электр энергиясын өндіру үшін көптеген табиғи мүмкіндіктер бар.

«Еліміздің оңтүстік өңірлерінің, оның ішінде Алматы облысының энергия тапшылығын жою мақсатында «Самұрық-Энерго» ЖЭК объектілерін салу жобаларын іске асыруда. Бұдан басқа, біз өңірдің өнеркәсіптік, туристік және әлеуметтік әлеуетін одан әрі дамыту мақсатында қуат беру және электр энергиясын қосу мақсатындағы энергия нысандарымен жұмыс істейміз», – деп атап өтті «Самұрық-Энерго» АҚ басшысы.

Кездесу барысында облыс бойынша жүзеге асырылатын жобалар барысы сөз болды:

  •  Шелек дәлізіндегі қуаты 60 МВт, келешекте 300 МВт дейін кеңейтілетін жел электр станциясының құрылысы.  Жаңа станция жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, жылына 226 млн.кВтс электр энергиясын өндіруді және көмірсутек отынын қолданбай-ақ электр энергиясын өндіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
  • Мойнақ ГЭС-інде электр энергиясын өндіруді жылына 100 млн.кВтсағ-қа ұлғайту. Жоба Кеңсу өзені ағынының бір бөлігін Бестөбе су қоймасына бұруды көздейді, бұл Алматы өңірі үшін қуатты реттеу мүмкіндігін кеңейтеді.
  • Іле өзенінде контрреттеуші Кербұлақ СЭС-ін салу. Жобаны іске асыру Қапшағай ГЭС-інің реттеуші қуатын 80-нен 150 МВт-қа дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
  • Облыста қуаты 310 МВт ЖЭС, СЭС құрамдастырылған станциясын салу. Жоба электр энергиясын ең жоғары жүктемелерге теңестіру мүмкіндігімен парниктік газдар шығарындыларын азайтуға бағытталған.
  • Қоршаған ортаға әсерді барынша азайта отырып, Алматы 2-ЖЭО-ны жаңғырту. Ескі алаңда жаңа станция салу ЖЭО-2-ні табиғи газды жағуға көшіру есебінен Алматы қаласының экологиялық жағдайына теріс әсерді төмендетуге мүмкіндік береді.
  • Станцияның қуатын 450 МВт-ға дейін ұлғайта отырып, БГҚ базасында Алматы ЖЭО-3-ті қайта жаңарту. Жоба Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі маневрлік қуаттардың тапшылығын ішінара жабу үшін станцияда бу-газ жабдығын орнатуды көздейді.
  • Қаскелең ҚС АТҚ-ға қосу арқылы «Көкөзек» қосалқы станциясын салу. Бұл жобаны іске асыру өңірде «Боралда» индустриялық аймағында инвестициялық жобаларды іске асыру үшін реттелетін қызмет көрсету үшін қажетті бос қуаттардың тапшылығын жабуға мүмкіндік береді.
  • Алматы қаласы мен Алматы облысының кабель желілерін қайта жаңарту. Жобаның аяқталуы кабельдік желілердегі ысыраптардың азаюына және апаттық істен шығудың қысқаруына әкеледі.
  • Шелек энергия торабының желілерін дамыту. «Самұрық-Энерго» АҚ мамандары атап өткендей, Алматы облысы жаңартылатын энергия көздерін дамытуда үлкен әлеуетке ие. Осы жоба ТЭН - ге сәйкес Шелек торабы ЖЭК объектілерінің жалпы берілетін қуаты - 603.7 МВт-ны көздейді. Жоспарда СЭС-28, СЭС-29, сондай-ақ «Көлсай» курорттық аймағын одан әрі дамытуға қуат беру және электр энергиясын қосу үшін «Саты» қосалқы станциясын салу көзделеді.

Мұның бәрі осы өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды дамыту және жақсарту үшін ұзақ мерзімді жағдайлар жасайды.

«Самұрық-Энерго» АҚ өкілдері атап өткендей, бұл бағыттағы жұмыстар «Самұрық-Қазына» қоры» АҚ-ның газбен жабдықтау, сумен қамтамасыз ету, көлік және энергетика салаларындағы басым жобаларды іске асыру шеңберінде және Қордың таяудағы 10 жылда көміртегі ізін 10%-ға қысқарту жөніндегі стратегиялық міндеттеріне сәйкес жүзеге асырылуда.

Кеңес барысында Алматы облысының әкімдігінде өңір басшылығы шешуге ықпал етуі мүмкін кейбір проблемалық мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, электр беру желілері үшін жер учаскелерін сатып алуға, қаржыландыруға және тариф белгілеуге байланысты тақырыптар қаралды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: