Главная Новости Алматыда үздік теміржолшылар марапатталды
05 августа 2026, 17:23 24

Алматыда үздік теміржолшылар марапатталды

Алматыда үздік теміржолшылар марапатталды

Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында Теміржолшылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Кәсіподақ ұйымының қолдауымен өткен мерекеге 800-ге жуық теміржолшы, сала ардагерлері, Ардагерлер кеңесінің мүшелері, теміржол кәсіпорындарының басшылары, Алматы қаласы әкімдігі мен мәслихатының өкілдері қатысты.

Салтанатты жиында Алматы магистральдық желі бөлімшесінің директоры Нұрым Жаниязов пен Ақсақалдар алқасының төрағасы Дуан Умаров теміржолшыларды кәсіби мерекемен құттықтап, олардың ел экономикасының дамуына қосып жүрген үлесін ерекше атап өтті.

 

 

Мерекеде Алматы қаласы әкімдігі мен мәслихатының өкілдері, теміржол кәсіпорындарының басшылары және кәсіподақ ұйымы еңбек адамын құрметтеудің, әлеуметтік әріптестікті нығайтудың және саланың игі дәстүрлерін сақтаудың маңыздылығына тоқталды.

Іс-шараның басты сәті – үздік қызметкерлерді марапаттау рәсімі болды. 85 теміржолшы көпжылдық адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және саланың дамуына қосқан үлесі үшін «Құрметті теміржолшы», «Еңбек даңқы», «Үздік маман» төсбелгілерімен, сондай-ақ Алматы қаласы әкімінің, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының және теміржол кәсіпорындарының Алғыс хаттарымен марапатталды.

 

 

Мерекеде сала ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетіліп, олардың өнегелі еңбек жолы мен мол тәжірибесі жас буынға үлгі ретінде дәріптелді.

Салтанатты кеш белгілі өнерпаздар, әншілер, бишілер мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен жалғасып, қатысушыларға ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады.

Теміржолшылар күніне арналған бұл мереке теміржолшылардың бірлігі мен ынтымағын, кәсіпке деген адалдығын және ұрпақтар сабақтастығын тағы бір мәрте айқындады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: