Главная Новости Алматыны дамыта түсуге уағдаласты
01 қараша 2019, 17:27 2088

Алматыны дамыта түсуге уағдаласты

Алматыны дамыта түсуге уағдаласты

Алматыда "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен қала әкімі Бақытжан Сағынтаев кездесіп, оңтүстік астананы дамыту мәселелерін талқылады.

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ мен Алматы қаласының әкімдігі энергетикалық, ақпараттық-коммуникациялық, әлеуметтік салалардағы жобаларды іске асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум энергетика кешенін, электрондық сауда мен пошта желісін, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды, импорт алмастыруды және жергілікті қамтуды дамытуды, сондай-ақ Алматы кәсіпкерлерінің Қор тобының сатып алуларына қатысуы сияқты бағыттарды қамтиды.

Қор басшысы импорт алмастыруды және жергілікті қамтуды дамыту мақсатында Алматы қаласында жаңа өндірістер құру бойынша жобаларды іріктеу жүргізілетінін атап өтті.

«Біз Қазақстанда өндірілмейтін тауарларға зерттеу жүргіземіз және егер инвестор өндірісті іске қосса, біз сатып алуды қамтамасыз етеміз. Қор осындай жобаларды қолдауды оффтейк келісім-шарттарға қол қою арқылы жүзеге асырады, яғни бұл алдын ала төлем жасау арқылы ұзақ мерзімді тапсырыстар механизмі арқылы жүргізіледі», - деді Ахметжан Есімов.

Алматыда ұялы байланыс қызметінің сапасын жақсарту шеңберінде, Қор, 2019-2020 жылдары 2G/3G/4G стандартының 63 базалық станциясын және 2021 жылға қарай 5G стандартының пилотын іске қосуды қамтамасыз етуге ниетті.

 "Меморандум қаланың бизнес-қоғамдастығының Қор компанияларымен ынтымақтастығын нығайту бойынша нақты шараларды қамтиды. Біздің кәсіпкерлер "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ қажеттіліктері үшін жоғары сапалы өнім жеткізуге дайын. Әрине, байланыстардың нығаюы Алматы экономикасының дамуына және алматылықтардың өмір сүру сапасын арттыруға үлкен қолдау көрсетеді»,- деп атап өтті Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Құжат, сондай-ақ, жылумен және электрмен қамтамасыз ету жүйелерін дамытудың бірыңғай техникалық саясатын анықтауды, шағын және орта бизнесті дамытуға және дарынды жастарды жұмыспен қамтуға және қолдауға жәрдемдесуді, ұтқыр байланыс қызметтерінің сапасын жақсартуды және интернет желісіне сапасы жоғары жылдамдық арқылы қолжетімділікті қамтамасыз етуді көздейді.

Сонымен қатар, тараптар табиғи газды моторлы отын ретінде пайдалануды кеңейтуде, әлеуметтік сала мәселелерін шешуде, Алматыны «Ақылды қала» ретінде дамыту жөніндегі шараларды қолдануда, сондай-ақ, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты автоматтандыруда және қала қауіпсіздігінің мониторингін қамтамасыз етуде ынтымақтасатын болады.

Меморандумға сәйкес әлеуметтік сала мәселелерін шешуде әлеуметтік жетімдіктің алдын алу, аутизмді дәрі-дәрмексіз түзету, балаларды отбасына орналастыруға заңды түрде қолдау көрсету, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау, түзеті мектептері мен балабақшаларын, паллиативтік көмек ауруханаларын, туберкулезге қарсы диспансерлерді материалдық-техникалық жарақтандыру бағыттары бойынша мәселелер шешілетін болады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: