Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
"ҚазТрансОйл" АҚ Атырау мұнай құбыры басқармасы Жас мамандар кеңесінің төрайымы Алтынгүл Шәкімова "Атырау облысы жастарының алтын кітабына" еніп отыр. Өңірдегі "Жастар жылының" салтанатты жабылу рәсімінде қатарында үздік атанған 16 жас марапатталды.
"Атырау облысы жастарының алтын кітабы" жобасы халықаралық және республикалық деңгейлерде зияткерлік, шығармашылық, спорттық, ғылыми және өндірістік жетістіктерге жете алған, мемлекеттік және аймақтық жастар саясатын жүзеге асыруға лайықты еңбек сіңірген Атырау облысы жастары өкілдерінің жеке қасиеттерін ашық тану мақсатында құрылған. Осылайша "Алтын кітап-2019" жинағы да өңірдегі жастар саясатының дамуына өз салалары бойынша үлес қосып, үздік нәтижелерге қол жеткізген облыс жастарын ынталандыру мақсатында жасақталған.
Екі кезеңнен тұрған іріктеу сынында жастар кітабына енуге арнайы комиссия шешімімен 50-ден астам үміткердің ішінде лайықтылар ғана таңдалды. Олардың ішінде, мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкері, мәдениет пен өнер саласының мамандары, қоғамдық ұйым және өндірістегі жастар бар.
Марапаттау сәтінде облыстағы өндірістегі жастар арасында қоғамдық өмірге белсене аралсақан, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудағы жемісті еңбегі, жоғары кәсібилігі мен белсенділігі үшін, Атырау мұнай құбыры басқармасы Жас мамандар кеңесінің төрайымы Алтынгүл Шәкімованың "Атырау облысы жастарының Алтын кітабына" енгені хабарланып, салтанатты жағдайда куәлік тапсырылды. Марапатты облыстық "Жас Отан" жастар қанатының төрағасы, Атырау қалалық мәслихатының депутаты Ринат Ғилажев табыстады.
"Бұл менің ғана еңбегім ескерілу емес, маған қолдау білдіріп, бастамаларымды қолдаған мұнайқұбыршы жастарға үлкен құрмет деп білемін. Біз облыстағы қайырымдылық, спорттық және мәдени шараларға жастар кеңесінің мүшелері болып белсене қатысып келеміз. Сондықтан бұл марапат біздің ортақ жеңісіміз. Сонымен қатар, біз өндірісші жастардың тек бір кәсіпорын шеңберінде ғана емес, өңірдегі қоғамдық деңгейдегі жұмыстарға араласа алатынын дәлелдедік. Біз болашақта да Атырау облысының қоғамдық өміріне белсене атсалысатын боламыз", - дейді Алтынгүл.
Алтынгүл, сонымен қатар, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ Жастар ісі жөніндегі басқарушы комитетінің мүшесі. Жергілікті жердегі мұнайшы жастардың қоғамдық, ғылыми және мәдени бастамаларын жоғары деңгейде жүзеге асыруға барынша еңбектеніп жүр. Жуырда ғана оған үлкен сенім артылып, "ҚазТрансОйл" АҚ "Батыс аймақ қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы" қоғамдық бірлестігінің төрайымы болып сайланды. Белсенді жастың 2 мыңға жуық кәсіподақ мүшелерімен тіл табысып, әлеуметтік келісімдерді толығымен жүзеге асыратынына сенім білдірілуде.
Біз де әріптесімізді осынау жоғары марапатымен құттықтай отырып, жетістігің мол, мерейің қашанда үстем болсын деп тілек білдіреміз!


Нұрлыбек ҒИЗАТОВ
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
51
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
58
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы