Главная Новости Алтыннан алқа тағынған
11 наурыз 2020, 09:56 2291

Алтыннан алқа тағынған

Алтыннан алқа тағынған Фото: Маңғыстаумұнайгаз

Отбасының берекесі, ынтымақ пен ырыстың ұйытқысы бола білген көпбалалы аналар құрметке де, қошеметке де лайық. Алтын құрсақ аналардың дүниеге сәби әкеліп, сол баланы тәрбиелеу жолында еткен еңбектерін ештеңемен теңестіре алмайсың.

Баласын байлығына теңеген “Алтын алқалы” аналардың бірі – "Қаламқасмұнайгаз" өндірістік басқармасының лаборанты Эльмира Ізбасарова, деп хабарлайды SKnews.kz

Эльмираның өзінің ұшқан ұясы да – базарлы, көп балалы шаңырақ. Құлын-тайдай тебісіп бірге өскен тоғыз баланың ынтымағы, бірі-біріне деген жанашыр бауырмалдылығы әлі күнге бір-біріне сүйеу-демеу. 

Эльмира дүниеге келген - 1971 жылы отбасы  Жетібай кентінен Ақтау қаласының іргесіндегі Қызыл-төбе елді мекеніне қоныс аударған. Эльмира орта мектепті сол жерден бітіріп, СПТУ-2 құрылыс училищесіне оқуға түседі. 1990 жылы сылақшы болып, Қаламқасқа жұмысқа орналасқан ол маңайындағы қайнап жатқан өндірістің қызметіне қызыға қарайтын-ды. Жас маман мұнайшы болуды мақсат тұтып, мұнай техникумына құжаттарын тапсырады.  Өндірісте жүріп "лаборант" мамандығын игерген  Эльмира бүгінде өз ісінің маманы, 4-дәрежелі лаборант.

Бойжеткен қыз өмірлік серігін де сол өндіріс басында жолықтырды. "Қаламқасмұнайгаз" өндірістік басқармасында оператор болып еңбек етіп жүрген Нұрғиса Дүрмековтің шаңырағына келін болып түскеніні күні кеше сияқты еді.  Сырғыған  жылдардың  қанатында жеті баланың анасы атанып, "Алтын алқа" тақты.

Өмірлерін мұнай саласына арнаған қос әріптестің  бала-шағасының ортасындағы  базарлы күндерін ештеңеге теңгермейтініе куә болдық:

- Бала – әйел адамның өміріндегі ең үлкен сый. Қазақтың көсегесін көгерткен батыр аналарымыз деп білемін. Қазір біз сол жандардың ізін жалғастырып келеміз. Әрбір қыз-келіншекке "ана" деген қасиетті де қастерлі атты есту бұйырса екен деп тілеймін. Мереке қарсаңында барлық нәзік жандыларды Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Ата-ананың көз нұры, көңіл қуанышы, ұлт болашағы  болған балаларымыз ауырмасын! Сонда ғана ел ертеңі мен бала болашағы жарқын болады, - деп мерекелік тілегін арнаған Эльмираның жанарында мұң барын байқадық. Көңіліне кірбің түсіріп алғанымызды іштей сезіп, жүрегіміз сыздап қоя берді.

Өмір болған соң  қуаныш пен қайғының бірге жүретіні ақиқат. Ауыр кезең бұл отбасын да айналып  өтпеген екен.  Үш-төрт жылдықта төбеден жәй түсірген  он екі жасар Нағиманың қазасы жүрегіне жүк. Ақылға жеңдіріп, сабырлық танытқан жас ана көрінген ұл-қыздарының амандығын тілеп, шүкірлік етіп қайраттылығына салды. Эльмираның қиын кезде жандарына демеу болған, қолдау-көмектерін аямаған УПСВ, ЦППН, ЦНИПР ұжымына алғысы шексіз екендігін бізге үлкен құрметпен жеткізді.

Ана өмірдің бар бастауы. Үйдің берекесі, қыз бен ұлдың өнегесі бола білген ана алдында бәріміз қарыздармыз. Балаларын “айналайын” сөзімен аялап, жан-жағына шуақ шашып жүрген Эльмира Қонысбайқызы сияқты батыр ананың жүрек жылуымен  өмір көркем, әлем  әдемі.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: