Главная Новости Ардагер құрметіне – волейбол турнирі
20 сәуір 2022, 08:54 1463

Ардагер құрметіне – волейбол турнирі

Ардагер құрметіне – волейбол турнирі

Жабдықтарды пайдалану және икемдеп жөндеу цехының еңбек ұжымы «Қаражанбасмұнай» АҚ-да қалыптасқан игі дәстүр бойынша шебер Марат Тұрышевты құрметті демалысқа шығарып салды. Цех басшылығы оған көп жылғы адал еңбегі үшін алғыс айтып, ұлттық шапан сыйға тартты.

Сала ардагері ұжымда кәсіби және адами қасиеттерімен құрметке ие. Марат Тұрышев еңбек жолын 20 жыл бұрын монтаждаушы болып бастаған. Кейін ол шебер қызметіне ауысып, жұмысшыларға жол көрсетуші жетекші болды. Салтанатты жиын барысында ардагер ізгі тілегін арнап, құрмет көрсеткен әріптестеріне алғыс білдірді.

«Сіз біздің цехта жұмыс істеген жылдар ішінде өз сара жолыңызды қалыптастырдыңыз. Әрқашан ісіне жауапты, өз көзқарасы бар, сауатты маман болдыңыз. Бұл кез-келген міндеттерді сәтті орындауға өз көмегін тигізді», – деді ЖПжИЖЦ басшысының орынбасары Ізімшайыр Наурызбаев.

Мұнайшының құрметіне ЖПжИЖЦ жұмысшылары арасында волейболдан турнир ұйымдастырылды. Ойынға дәнекерлеушілер, монтаждаушылар, жөндеушілер және инженерлік-техникалық қызметкерлер базасынан 4 команда қатысты. Жарыс барысында жұмысшылар жарқын және әдемі ойын көрсетті. Себебі бұл турнир бұрынғыдан өзгерек.

«Марат аға бізге адал дос бола алған тәлімгер әрі ақылшымыз. Ол әрдайым біздің спортпен айналысып, жарыстарға қатысқанымызды жақсы көретін. Ол барлық ойынды мұқият тамашалап, жанкүйерлер қатарында отыратын. Сондықтан біз оның құрметіне волейбол турнирін ұйымдастыруды дұрыс деп шештік», – деп атап өтті жұмысшылар.

Тартысты турнирдің қорытындысы бойынша бірінші орынды инженерлік-техникалық қызметкерлер мен механикалық учаске жұмысшыларынан құралған база командасы иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар, құрмет грамоталары және ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: