Главная Новости Арыс станциясы үнемділігімен үлгі
17 қыркүйек 2021, 14:01 935

Арыс станциясы үнемділігімен үлгі

Арыс станциясы үнемділігімен үлгі

Қазіргідей пандемия уақытында кез келген өндіріс орны шығынын азайтып, табысын арттыруды көздейді. Мысалы, жыл басынан бері Арыс станциясы электр энергиясының шығынын айтарлықтай үнемдеген.

Станцияның бас инженері Мейірбек Мырзахметов ай сайын станция қызметкерлерінің жұмыс барысында энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалануына бақылау жүргізілетінін жеткізді.

«Өндірістік-техникалық қажеттіліктерге электр энергиясын жұмсау жоспарына сәйкес 2021 жылдың жеті айында жоспар бойынша 30 1879 кВт сағат бекітілген, оның нақты жұмсалғаны 127 263 кВт-сағат, бұл ретте үнемдеу 171615 кВт-сағатты құрады. Станция шілде айында 35 188 кВт-сағат қарастырылған энергияның 20 888 кВт-сағатын жұмсап, 14 300 кВт- сағат үнемдеді. Суды да 959 м3 үнемдедік. Ал жеті ай ішінде жоспар бойынша 5 450 м3 болса, нақты 5 010 м3 тұтынып, 440 м3 су үнемделді», – деді бас инженер Мейірбек Мырзахметов.

Сондай-ақ станцияда еңбек жағдайларын жақсарту бойынша кешенді іс-шаралар орындалып жатыр екен. Осы жылға арналған қаражатты игеру бойынша солтүстік коммерциялық бақылау пункті, вагон жылдамдығын реттеу, тауар кеңсесі, №2 сигналдық бекет, арнайы сүт беру бөлмесіне бес тоңазытқыш алынған. МРЦ- 2 бекеті, дөңес бекеті, маневр пункті-1 бекеті, дөңес кезекшісі, парк кезекшісі кабинеттеріне салқындатқыш кондиционер орнатылыпты. Бұларды сатып алуға 1051632 теңге көлемінде қаржы қарастырылып, толық игеріліпті.

Ал өндірістік жарақаттануға келсек, Арыс станциясы бойынша теміржолшының кенеттен денсаулығы нашарлаған бір жағдай орын алды. Бұл жағдай ҚР Еңбек кодексінің 186-бап 3-тармағының 4-тармақшасына сәйкес жазатайым оқиға ретінде есепке алынбайды. Станцияның бас инженері теміржолшылардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша «Қауіпсіздік күні» аясында 36 бұзушылық анықталғанын, оның ішінде стан- цияның 9 қызметкерінің төртеуіне ескерту, бес қызметкерге сөгіс беріліп, тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын айтты.

Бұдан бөлек, Арыс станциясында жұмысшы- лардың еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша 232 адамның білімін қайта тексеріп, оқытып, электр қауіпсіздігі бойынша 210 адам білімін көтерген. Станцияда жаңадан жұмысқа келген 18 адаммен ай сайын техникалық сабақтар және әрбір 45 күн сайын қайталама нұсқама жүргізіледі екен.

Сонымен қатар, кестеге сәйкес станция басшылары 53 кенеттен тексеру жүргізіпті. Станция басшылары көбіне технологиялық процестерді орындау кезінде қызметкерлердің қауіпсіз еңбек тәсілдерін сақтауын, жұмыс орындарында жеке қауіпсіздік техникасын және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету, қауіпті жұмыс орындарын қоршау, қызметтік өту маршруты, ескерту белгілерінің болуын қадағалады. Қауіпсіздік техникасы ережелерін, лауазымдық нұсқаулықтарды бұзғаны үшін жеті ай ішінде кенеттен тексеру нәтижесінде 14 қызметкерге ескерту беріліп, тәртіптік жауапкершілікке тартылған. «Жолдағы адам» ақпарат жүйесі бойынша жыл басынан бері ешқандай бұзушылық тіркелмеген.

Жыл басынан бері Арыс станциясы бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша үш айлық өткізілген.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: