Главная Новости Ашық цифрлық платформа туралы не білеміз?
25 тамыз 2018, 10:36 6150

Ашық цифрлық платформа туралы не білеміз?

Ашық цифрлық платформа туралы не білеміз?

Ол қалай шағын бизнеске көмектесе алады? Бұл туралы «Қазақтелеком» АҚ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қызметі жөніндегі басқарушы директоры Бикеш Құрманғалиевадан сұрап білдік.

Елімізде экономиканы цифрландыруға айрықша басымдық беріліп жатқаны белгілі. Бұл тұста сіздерде қолға алынған «Ашық цифрлық платформа» идеясының мәні неде? Қарапайым тілмен қалай түсіндіруге болады?

Бұның мәні қарапайым және биік мұратты болып есептеледі. Анығырақ айтсақ, Қазақстандағы кез-келген шағын бизнес өкілдерінің цифрлық технологияларды қолдануын тиімді етуді қалаймыз, осыған орай оларды қолдану түсінікті, жылдам және қолжетімді болуы тиіс деген ойдамыз. Біздің өнім бұл талаптарға сай құрылу үстінде.

Мысалы, сіз – жеке қаражатыңыздың көмегімен өз бизнесіңізді ашқан жеке кәсіпкерсіз. Есепке алу мен есеп берудің әрдайым қажет екенін ескере отырып, сізде бухгалтер орны немесе оны жалдауға мүмкіндігіңіз жоқ делік. Әдетте бұл мәселені шешу үшін іздеу жүйелерін қолданасыз, таныстарыңыздан сұрастырасыз немесе хабарландыру орындарынан іздестіресіз. Бұған қаншама уақытыңыз кетеді, сондай-ақ сапасыз қызмет пен біліксіз мамандарға тап болуыңыз мүмкін. Ал платформаны қолданған жағдайда не өзгереді? Платформадағы кәсіпкерлерге арналған бөлімде түрлі мәселелерді шешуге арналған егжей-тегжейлі жоспарды, сонымен қатар түйткілді тұсты тарқатуға көмектесетін қызметтер жайлы ақпарат пен қолжетімді тетіктерді ұсынамыз. Аталған сенімді серіктестеріміз әзірлеген қызметтерге «Қазақтелеком» АҚ кепілдік береді. Сондай-ақ қызметке тапсырыс бермес бұрын арнайы маманнан кеңес алсаңыз болады. Егер дәстүрлі жолмен бухгалтерді іздеймін десеңіз, онда біз сізге түрлі ұсыныстар жасаймыз, егер де ұсынылған нұсқалар көңіліңізден шықпаса, онда маманды іздеу туралы өтінім қалдыруыңызға жол ашық. Біз тек бір ғана жағдайды қарастырып отырмыз, ал бизнес қарқынды өскен кезде бұндай мәселелер көбейетін болады. Ашық цифрлық платформа сенімді көмекшіңізге айналады деген үміттеміз.

Қазақстандық стартап-жобаларға бұл бастаманың берер мүмкіндігі қандай?

Стартап белгілі бір идеядан басталады және де бизнесті бастау үшін идеядан басқа ештеңе болмайтын жағдайлар да кездеседі. Не серіктес, не қаражат, не бизнесті бастама алуға көмектесетін байланыстың болмауы сияқты қиындықтар туындайды. Бұл кезде сізге туыстарыңыз немесе достарыңыз қол ұшын соза алатындай жағдайда болса, онда бұл мәселенің шешімін таба аласыз дерлік. Порталда жаңа байланыстар мен ниеттестерді табу мүмкіндігі бар, себебі бұл портал байланыс алаңы да болып саналады.

Стартап мәселесі бойынша үнемі түрлі сұрақтар туындайды және қай іске бірінші кірісуді шешіп алу қажет. Осылайша порталда жұмысын енді бастаған кәсіпкерлер үшін арнайы мамандардың тегін кеңесі ұсынылады. Өз кәсібінді қалай ашуға болады, қаржыландыру көзін қайдан табуға болады, компанияның жекешелендіру түрін қалай таңдауға болады, талдау мен зерттеу, сондай-ақ бизнес-жобаны қалай жасауға болады және де банк талаптарына сәйкес қандай құжаттар қажет сияқты өзекті дүниелерді барынша қамтуға тырыстық. Платформада сіз барлық қолданушыларға қолжетімді болатын парақшаңызды тегін құру және жариялау мүмкіндігіне ие боласыз.

Ашық цифрлық платформа – мемлекеттік қамтама шаралары бойынша үлкен анықтама қоры. Мемлекетте көптеген бағдарламалар мен оны ұйымдастырушылар бар. Сіз тек қана қайда жүгіну керек екенін және мемлкеттік қызметтерді қалай қолдану керек екенін білсеңіз жеткілікті, ал АЦП стартап үшін мемлекет тарапынан қандай қызметтер мен шаралар ұсынылатыны жайлы егжей-тегжейлі білім алуға көмектеседі.

Құрылымы мен қызметіне тоқтала кетсеңіз...

Порталды әзірлеуді бастаған кезде біздің нақты тұжырымдамамыздың бірі: ұсынылатын қызметтер бизнестің әр кезеңіне пайдалы болуы тиіс. Қазіргі заман кәсіпкерінің еңбек жолында кездесетін өмірлік жағдаяттарды қарастырдық, атаулы жағдаяттарды шешетін қызметтер бойынша талдау жүргіздік. Осылайша порталды қалай ұйымдастыру қажет екенін айқындадық және жағдаяттар жүйесін құрдық. Бизнес жолындағы әрбір кәсіпкер үшін нақты бір шешімді біліп, оны іздей алу оңай емес, кейбір кәсіпкерлер тек сұрақтармен жиі жүгінеді. Сондықтан біз әр жағдаятты толығырақ сипаттап, мәселені шешетін қызметтер тізімін ұсынып отырмыз.

Әрине қызметтер тізімі күннен-күнге арта түседі. Бизнесті бастау мен нақты сауда-саттық кезеңіне дейінгі барлық қажетті қызметтерді ұсынуға тырысудамыз.

ІТ-компанияларға тиімділігі, жалпы нәтижесі қандай дәрежеде күтілуде?

Егер IT-компания біздің порталға өз қызметімен бірге келсе, онда ол өз өнімін саудаға салу алаңына ие бола алады. Бұл өнім өткізудің қосымша арнасы және де тұрақты тұтынушыларды іздеу көзі болып табылады. Бағдарлама әзірлеушілері маркетинг талдауларына уақыт кетірмей, қызметтердің сапасын арттыру мен жаңарып-жаңғыруға көбірек көңіл бөле алады.  

Бұл платформа жас ІТ-компаниялар үшін нарыққа шығудың тиімді көзі дер едім. Жас компаниялар бизнесін әдетте шағын ауқымнан бастайды, ал оның қарқынын жоғарылату үшін қаражат жеткіліксіз немесе мүлдем жоқ болуы мүмкін. Сіздің қызметіңізді жарнамалау мен саудалау үшін АЦП-да заманауи цифрлы маркетинг құралдары қолданылады, бұл құралдар Сізге мақсатты халық тобын табуға және оған қызметіңізді жариялауға көмектеседі. Сондай-ақ платформаның төлем жүйесі, биллинг, тұтынушыларды басқару жүйесі сияқты құралдары IT-компаниялар үшін тегін ұсынылады. Бұл құралдар көмегімен тек қаражат қана емес, әзірлеу уақытын да үнемдеуге болады.

Бикеш Қайдарқызы, сұхбат беруге уақыт тапқаныңызға рахмет, қызметтеріңіз табысты болсын!

Алдаберген КЕМПІРБАЙ

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: