Главная Новости Астанадағы Ұлттық травматология орталығына 400 млн теңгенің жабдықтары табысталды
18 қыркүйек 2024, 14:45 189

Астанадағы Ұлттық травматология орталығына 400 млн теңгенің жабдықтары табысталды

Астанадағы Ұлттық травматология орталығына 400 млн теңгенің жабдықтары табысталды

«Самұрық-Қазына» АҚ Н.Д. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығына жалпы құны 393,1 млн теңге болатын жаңа заманауи жабдықтарды табыстады.

Сатып алынған техника жарақаттар мен сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларының салдарынан болатын асқынуларды азайтуға көмектеседі.

Салтанатты рәсімге Қор басшысы Нұрлан Жақыпов пен Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев қатысты.

«Жылына тірек-қимыл аппаратының жарақаттары мен ауруларынан зардап шегетін 8 мың азаматымыз енді едәуір сапалы, жоғары деңгейдегі медициналық көмек алады. Жаңа жабдық медициналық орталық жұмысының тиімділігін арттыруға сеп болады деп сенемін», – деді Нұрлан Жақыпов құттықтау сөзінде.

Сондай-ақ, ол корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік аясында Қор адамдардың денсаулығын жақсартуға және өмір сүру сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлетінін еске салды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: