Главная Новости Астанадан Бурабайға жаңа жылдық вагондары бар электр пойызы жолға шықты
22 желтоқсан 2022, 08:25 1042

Астанадан Бурабайға жаңа жылдық вагондары бар электр пойызы жолға шықты

Астанадан Бурабайға жаңа жылдық вагондары бар электр пойызы жолға шықты

Билет құны 1800-2400 теңге аралығында, деп хабарлады Информбюро порталы.

Астана-Көкшетау электр пойызымен күн сайын жаңа жыл мерекесіне орай брендтелген екі вагон қатынайды. Вагон интерьерін қазақстандық қолөнершілер безендірген.

Жаңа жылдық экспресс күн сайын таңғы сағат 06:03-те «Нұрлы жол» вокзалынан шығып, 09:57-де Бурабай курорты станциясына жетеді. Кері қайтатын рейске туристік пойыз сол күні сағат 19:15-те аттанып, Астана-1 станциясына сағат 22:18-де, «Нұрлы жол» вокзалына сағат 23:00-де келеді.

Қала маңы тасымалы филиалы – «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының орынбасары Сергей Балашовтың айтуынша, пойыз алты вагоннан тұрады. 377 жолаушы сыяды. Вагон класына байланысты билет құны 1800-2400 теңге аралығында:

  • І класс – 2400 теңге;
  • ІІ класс – 2200 теңге;
  • ІІІ класс – 1800 теңге.

«Менің ойымша, бұл өте жақсы баға. Біз бәсекелестерімізді қадағалап отырамыз. Мысалы, Бурабайға қатынайтын такси құны 4000-5000 теңге аралығы, ал автобуспен 3 000 теңгеге жетесіз», – дейді Сергей Балашов.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: