Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Намыс пен қайрат, жігер мен рух әр жұмысшыны өз саласының майталман маманы болуға жетелейді. Қаражанбаста ұзақ жылдар бойы жауапты қызмет атқарып келе жатқан мұнайшылар өндіріс саласында ізгі дәстүрлер қалыптастырып, жас буынға дәріптеп келеді. Солардың бірі – еңбекқорлығымен ерекшеленіп, кәсібилігімен ұжым ықыласына бөленген технологиялық көлік басқармасының аға механигі Болат Әбішев.
Ол осыдан 22 жыл бұрын қарапайым автокран жүргізушісі болып еңбекке араласты. Арнайы техниканың тілін тауып, мол тәжірибе жинаған қызметкер араға он жыл салып, жұмыс бағытын өзге арнаға бұрды. Бүгінде Болат Әбішев ТКБ №1 автотізбегінің аға механигі. Ол өз әріптестерімен бірге өндірістік цех қызметкерлерін тасымалдайтын 70-ке жуық көліктің үздіксіз қозғалысын қадағалайды. Сондай-ақ жұмыстың оңтайлы ұйымдастырылып, сапалы атқарылуына жауапты береді.
«Қаражанбас жыл сайын жаңа технологиялар мен әдістерді енгізіп, ерекше қарқынмен дамып келеді. Әсіресе биыл компанияның көлік саласында көптеген оң өзгерістер орын алды. Соның арқасында жұмысымызда жаңа леп сезіліп, нәтижелі еңбек етуге құлшынысымыз арта түсті», – дейді Болат Әбішев.

Ол бойында қаны тулаған, жүрегі патриоттық сезімге толы жұмысшы. Ол тәуелсіздік тұмарына айналған желтоқсан оқиғасы кезінде егемендік үшін бас көтергендердің бірі. Сондықтан қазіргі алаңсыз шақты қадірлеп, жастарға Отанымызды өркендету үшін барын салу керектігін үнемі айтып отырады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
95
05 декабря 17:59
QID қауымдастығы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Дамир Суентаевты марапаттады
101
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона