Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«АстраЗенека» және «СК-Фармация» қазақстандық өндіруші «Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» базасында шығарылатын түпнұсқа патенттелген дәрілік заттарды жеткізу туралы ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойды. Бұған дейін Қазақстанның фармацевтика саласына шетелдік инвесторларды тарту үшін «СК-Фармация» мен «KAZAKH INVEST» ҰК» арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылған болатын.
«СК-Фармациямен» ұзақ мерзімді шарттың міндеттемелерін орындау үшін «АстраЗенека» тиісті өндірістік тәжірибе (GMP) талаптарының толық сақталуын қамтамасыз ете отырып, ҚР аумағында келісімшарттық өндірісті жолға қоюға және өндірілген бірегей патенттелген дәрілік препараттарды бірыңғай дистрибьюторға жеткізуді ұйымдастыруға ниетті.
Мария Шипулева, «АстраЗенека» Қазақстан компаниясының директоры:
«Біз «СК-Фармациямен» компаниямыздың Қазақстанда дәрілік заттарды өндіру жөніндегі жоспарларын көрсететін маңызды шартқа қол қойдық. «АстраЗенека» инновациялық препараттары отандық өндіруші – «Нобел Алматы фармацевтикалық фабрикасы» АҚ алаңында шығарылады. Біздің «СК-Фармациямен» ұзақ мерзімді келісім шеңберіндегі қызметіміз еліміздің денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамытуға, ең бастысы Қазақстандағы пациенттеріміздің өмір сүру сапасын жақсартуға көмектеседі деп үміттенеміз».
«АстраЗенека» – инновациялық препараттарды әзірлеуге және өндіруге бағытталған әлемдегі ең ірі биофармацевтикалық компаниялардың бірі. «СК-Фармация» және «АстраЗенека» ынтымақтастығының арқасында Қазақстандағы пациенттер үшін жаңа медициналық ғылыми әзірлемелер қолжетімді бола түседі.
«Біз бірыңғай дистрибьютор ретінде ұзақ мерзімді келісімшарт шеңберінде өз міндеттерімізді орындауға толық дайын екенімізді білдіреміз және саланы серпінді дамыту, оның ішінде отандық фармацевтикалық нарықта әлемнің ірі инновациялық фармкомпанияларымен ынтымақтастықты кеңейту бойынша жан-жақты жұмысты жалғастырамыз», - деді «СК-Фармация» Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Руслан Нұрмұханов.
Ержан Елекеев, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:
«Біз «АстраЗенека» және «СК-Фармация» арасындағы ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойылғанына куә болып отырмыз. Бұл инновациялық препараттарды өндіру бойынша жобаға оң серпін болып отыр. Бұл орайда, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Инвестициялық штабтың осы процеске белсенді қатысуын атап өткім келеді. Мұнда фармацевтикалық компанияларға қатысты мәселелер және BigPharma-ға қатысты бірқатар жобалар бірнеше рет талқыланды. Соның жалғасы ретінде «АстраЗенека» сияқты жобалар мүмкін болды".
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
59
09 декабря 13:41
Люди большой станции: истории тех, кто обеспечивает путь казахстанской нефти
73
09 декабря 12:49
ҚТЖ қызметкерлері Халықаралық еріктілер күнінде жоғары марапатқа ие болды