Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
ҚР Конституциясы күні және мұнай-газ кешені қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аясында «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясы ғимараты алдына қоғам жəне мемлекет қайраткері, қазақ мұнайының атасы Сафи Өтебаевтың ескерткіш бюсті қойылды.
КСРО еңбек сіңірген мұнайшысы, ҚазКСР еңбек сіңірген ғылым мен техника қайраткері Сафи Өтебайұлының құрметіне арналған шараға Маңғыстау облысы басшылығы және мәслихат депутаттары, мұнай саласының ардагерлері, мұнайшылар және Сафи Өтебайұлының балалары қатысты.
Мерекелік шарада сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Мақсат Сқақов өңір жетекшісі Ералы Тоғжановтың атынан ҚР Конституциясы күні және мұнай-газ кешені қызметкерлерін мерекемен құттықтап, Маңғыстау мұнайы шежіресіне өзіндік үлесін қосқан ардагер мұнайшыларға алғыс білдірді.
Алғашқы қазақ инженер-мұнайшысы, Қазақстандағы мұнай индустриясын ұйымдастырушылардың бірі Сафи Өтебайұлының жүріп өткен сарабдал жолы туралы келелі әңгіме қозғалды.
Жиылған көпшілік алдында Сафи Өтебайұлының қызы Светлана Сафиқызы, облыстық қоғамдық Кеңес төрағасы Сағын Қырымқұлов қазақ мұнайының атасы туралы естеліктерімен бөлісіп, тұлғаны құрметпен еске алды, алғыс сезімдерін білдірді. Мұнайшы жастар атынан «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасының операторы ақын Райымбек Түзелов жырдан шашу шашты:
Жан бітірген, тіл бітірген мұнайға,
Болмысыңды бір көрсетсін тіл айна.
Қарабайдан Қаратаудай іс қылып,
Шүкір еткен, зікір еткен Құдайға.
Қара алтынды өндіруді ғұрып қып,
Бойымызды сол байлықпен жылыттық.
Даласынан ел ырзығын табар ма?
Бабасынан байқалмаса ұлықтық.
Басқа туып Алла берген азат күн,
Озық ісі ұрпаққа үлгі озаттың.
Тәу еттірген мұнараны ұлтына,
Сафи атам саф алтыны қазақтың.
Құрма қылып, мерекеде, тамызда
Бұл күндер де айналады аңызға.
Мұнайымның атасына айналған,
Мәңгі тағзым, бұл ескерткіш абызға.
Сафи ата, біз ұлықтар хас маман,
Жерім үшін терін төгіп тастаған.
Аталардың батасымен көгерген,
Аманатқа адал бүгін жас ұлан!






10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
59
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
62
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы