Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Хиуаз Доспанова атындағы Атырау халықаралық әуежайында «Қазпошта» АҚ жаңа пошта байланысы бекеті өз жұмысын бастады, деп хабарлайды SKnews.kz «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Онда әлемнің кез келген нүктесіне сәлемдемелерді және хаттарды EMS арқылы жедел жеткізуге және кез келген төлемді жасауға болады. Алдағы уақытта валюталық операцияларды жүргізу мүмкіндігі қарастырылады. Әуежайдағы жаңа бекет әуе рейстерінің кестесіне байланысты демалыссыз жұмыс істейді.
«Атырау халықаралық әуежайында – транзиттік жолаушылар ағыны үлкен. Егер жолаушыларға және әуежайға келушілерге жедел түрде сәлемдемені немесе хатты жеткізу қажет болса, курьерлік қызметті табу үшін қайта қалаға оралудың еш қажеті жоқ. Олар әуежайдағы біздің пошта бекетінде EMS жеткізуге тапсырыс бере алады. Сонымен бірге төлемнің кез келген түрі қабылданады. Әсіресе, төлемді тез арада жасау қажеттігі туындағанда, тұрғындар үшін өте ыңғайлы», - деп атап өтті «Қазпошта» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры Алтын Садықова.
Бүгінде Атырау облысында 97 пошта байланысы бөлімшелері жергілікті тұрғындарға қызмет көрсетеді. Оның ішінде 15-і қалада, 6 ауданда, 60 бөлімше ауылдық жерде орналасқан. Сонымен бірге 3 пошта байланысы бекеті және төлем қабылдайтын 8 бекет бар.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
73
10 декабря 11:56
Білікті маман Дастан Жүнісұлының еңбек жолы