Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Атырау МӨЗ» ЖШС BIONATUR MEDIO AMBIENTE SL испандық компаниясымен өнеркәсіптік шығарындылардан нормативтік белгіленген қоспаларды жою үшін сүзгі жүйелерін орнату туралы Меморандумға қол қойды. Осы жүйелердің алғашқы тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтары күкірт өндіру қондырғысында жүргізіледі. Кейін оларды Атырау мұнай өңдеу зауытының басқа қондырғыларында енгізу жоспарланып отыр.
Үздік әлемдік технологияларға негізделе отырып, бұл сүзу жүйесі АМӨЗ-де бекітілген шекті рұқсат етілген концентрациядан аспайтын технологиялық газдардан қоспаларды: күкіртті сутек, азот оксидтері және тағы басқа қосымша тазартуды іске асырады. Эмиссияларды кейінгі өңдеуге арналған ұсынылған жүйе арнайы сорбенттер мен катализаторлары бар жоғары кеуекті және жоғары өткізгішті керамикалық мембраналарды қолдануға негізделген.
Жүйе техникалық процестері 900 градусқа дейінгі температурада өтетін қондырғыларда сәтті жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда бұл сүзгі жүйесі әлемдік өнеркәсіптік ірі кәсіпорындарда табысты қолданылуда: Total Arkema (мұнай-химия зауыттары), Arcelor Mittal (металлургия зауыттары), Repsol (мұнай-газ өндіру зауыттары мен МӨЗ), Air Liquide (техникалық газ өндіру зауыттары), Sanofi (фармацевтика зауыттары), Coca Cola.
2021 жылдың шілдесінен бастап Қазақстанда жаңа экологиялық кодекс күшіне енді, онда 1 санаттағы өнеркәсіптік кәсіпорындар, соның ішінде Атырау мұнай өңдеу зауытын қоса алғанда 10 жыл ішінде қоршаған ортаға эмиссияны азайту үшін ең озық қолжетімді технологияларды енгізуге міндеттеледі.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
73
10 декабря 11:56
Білікті маман Дастан Жүнісұлының еңбек жолы