Главная Новости Атырау облысында су тасқынына қарсы шаралар жалғасып жатыр
23 сәуір 2024, 14:08 291

Атырау облысында су тасқынына қарсы шаралар жалғасып жатыр

Атырау облысында су тасқынына қарсы шаралар жалғасып жатыр

Төтенше жағдай жарияланған бойда ҚТЖ Құлсары қаласына су сорғыштармен жабдықталған су шаюға қарсы 3 пойыз, өртке қарсы 2 пойыз жеткізді және 293 теміржолшы Жылыой ауданына көмекке барды.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС – «Батыс» филиалы Атырау қосалқы бөлімінің бастығы Аслан Базарғалиевтің мәліметінше, бүгінде тәулігіне 14 жүк пойызы мен 5 жолаушылар пойызы тоқтаусыз жүріп жатыр. Ұлттық компанияның ұйымдастыруымен 5 сәуірден бастап Атырау-Құлсары-Атырау, Құлсары-Маңғыстау-Құлсары бағыты бойынша қосымша 5 жолаушылар вагоны бар ақысыз пойыз ұйымдастырылып, Жылыой ауданының 6 517 жергілікті тұрғыны Атырау, Мақат, Бейнеу, Маңғыстаудың қауіпсіз аймақтарына шығарылған. Қосымша жолаушылар пойыздарымен 900 адам тасымалданды. Жалпы су тасқыны орын алған 5 сәуірден бастап осы күнге дейін 7 417 адам қауіпсіз аймақтарға теміржол көлігі арқылы шығарылып, Құлсары қаласына су тасқынымен күреске 5 623 адам еріктілер күші жеткізілген.  

Мақат – Құлсары аралығында 122 су өткізгіш жасанды құрылыс нысандары болса, соның ішінде қазіргі уақытта 6 су өткізгіш көпір жұмыс жасап тұр. Су деңгейі қазір түсіп келеді, қауіп сейілді. Дегенмен, жұмыс тоқтаған жоқ. Атырау қосалқы бөлімі өздеріне бекітілген Қызылбалық, Құрманғазы ауылдарының жағажай бөгеттерін бекіту жұмыстарын қазіргі таңда 80 пайыз аяқтап қалды. Онда күніне 100 адам, 13 техника жұмыс істеуде. Сонымен қатар су тасқынының алдын алу бойынша Ұлттық компанияның ұйымдастыруымен Шымкент, Алматы, Отырар, Маңғыстау, Шиелі, Жарық, Талас, Бадам, Ақтөбе аймақтарынан техникалар көмекке келіп, 285 вагон, соның ішінде 1 794 әскери, 334 жүргізуші, 313 түрлі техника (бульдозер, КаМАЗ, эксковатор, т.б.) түсірілді. Сонымен қатар Құлсары – Доссор аралық автокөлік жолын ашуға 80 вагон қиыршық тас пен құм Құлсары қаласына жеткізіліп, түсірілген.  

Атырау теміржолшыларының күшімен Құлсары қаласына зардап шеккен тұрғындарға әлеуметтік көмек ретінде азық-түлік, құрал-сайман жіберілді. Одан бөлек Атырау, Мақат станцияларына да еріктілерге арналған «Біргеміз» бекеттері ашылып, Құлсары қаласына 14 вагон керек-жарақ жеткізілді.  

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: