Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Сурет: depositphotos.com
Біріктрілген газ-химиялық кешен 2021 жылы іске қосылғаннан кейін пленка, талшық, фибра және басқа да полипропилен өнімдерін шығарады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды SKnews.kz «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС технология жөніндегі басқарушы директоры Болат Әбдуәлиевке сілтеме жасап.
Кешеннің жобалық қуаты – жылына 500 мың тонна өнім. Атап айтқанда, буып-түю материалдарын, үй тұрмысындағы тауарлар, талшық, жіп, медициналық бұйым, құбыр, жиһаз және т.б. өндірісінде қажет болатын полипропиленнің ондаған түрлі маркасы шығарылатын болады.
«Мысалы, гомополимерден автомобильдерге арналған құралдарды, соның ішінде орындық бөлшектерін, жабдық панельдерін, ауа сүзгіштерінің корпустарын, жанармай жүйесінің элементтерін және басқа да көптеген заттарды жасауға болады», – дейді Болат Әбдуәлиев.
Бүгінде кешен жобасы 77%-ға орындалды. Жобалау жұмысы аяқталды, жабдықты дайындау және жеткізу 70%-ды құрады, ал құрылыс-монтаждау жұмыстары 46%-ға орындалды.
Онлайн-конференция барысында Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарында қолданылатын цифрлық технологиялар жөнінде де сөз қозғалды. Айталық, Атырау мұнай өңдеу зауытында Spiral сызықтық бағдарламалау және мамандандырылған бағдарламалық қамту жүйесін енгізу кезінде операциялық шығындар 530 млн теңгеге үнемделді. Бұл жөнінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Мұнай өңдеу және мұнай химиясы департаментінің жоспарлау және автоматтандыру басқармасының бастығы Мәриям Игисенова мәлімдеді. Ал, Павлодар мұнай-химия зауытында жоспарлау процесінің трансформациясы есебінен үнемдеу мөлшері 270 млн теңгені құрады. Бұдан басқа өңдеу тереңдегі ұлғайып, шығын қысқартылды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
63
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
64
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы