Главная Новости Атыраулықтар IPO бағдарламасына қатысу шарттарымен танысты
23 қыркүйек 2022, 09:20 813

Атыраулықтар IPO бағдарламасына қатысу шарттарымен танысты

Атыраулықтар IPO бағдарламасына қатысу шарттарымен танысты

«Самұрық-Қазына» қорының, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазпошта» АҚ өкілдері 21-22 қыркүйекте «Ембімұнайгаз» АҚ, «Теңізшевройл» ЖШС, Атырау мұнай өңдеу зауыты, NCOC сияқты кәсіпорындардың жұмыскерлері мен Атырау қаласының тұрғындарына IPO бағдарламасына қатысу мүмкіндіктерін таныстырды. Қазақстандық брокерлік-дилерлік ұйымдар мен AIX және KASE қор биржаларының өкілдері де іс-шараның спикерлері болды.

Сарапшылар кездесуге қатысушыларды «Самұрық-Қазына» қорының жекешелендіру бағдарламасының және портфельдік компаниялары IPO-сының іске асырылу барысымен, оның ішінде бірінші IPO кандидаты – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниясы туралы негізгі ақпаратпен таныстырды. Ұйымдастырушылар кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

«Самұрық-Қазына» АҚ өкілдері IPO ұлттық компанияларды жекешелендірудің ең ашық тәсілдерінің бірі болып табылатынын атап өтті. Бұл ретте, компаниялардың акцияларының бақылау пакеттері олар қор нарығына шыққаннан кейін «Самұрық-Қазына» қоры арқылы мемлекет меншігінде қалады.

«Сонымен қатар, институционалдық және жеке инвесторлардың (ҚР азаматтары) акцияларды сатып алуының инвестициялық тәуекелі бар екенін түсіну қажет, өйткені макроэкономикалық, геосаяси және басқа да көптеген сыртқы факторлар компаниялар акцияларының бағасына, сондай-ақ оның дивидендтер төлеу қабілетіне теріс әсер етуі мүмкін», – деп атап өтті Қордың Экономика және жоспарлау департаментінің директоры Мират Өтепов. 

Брокерлік ұйымдар тарапынан спикерлер әлеуетті инвесторларға алаяқтық қаупі туралы ескертті және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, KASE Қазақстан қор биржасының және Astana International Exchange (AIX) биржасының сайттарында брокерлік лицензиясының болуын тексеруді ұсынды.

Осылайша, кездесуге қатысушылар инвестициялаудың баламалы тәсілі ретінде IPO тетіктері жайында білді. 2022 жылғы 16-30 қыркүйек аралығында еліміздің 60-тан астам қаласында тұрғындармен, компания қызметкерлерімен және өндірістік объектілердің жұмысшыларымен ақпараттық-түсіндіру кездесулері өтетінін естеріңізге сала кетейік.

IPO және Қордың жекешелендіру бағдарламасы туралы ipo.sk.kz мамандандырылған интернет-ресурсынан толығырақ білуге болады.

Анықтама үшін:

2025 жылға дейін «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 7 ірі активі, оның ішінде 6 актив IPO арқылы бәсекелес ортаға ішінара шығарылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ IPO-сы биылға жоспарланған. Ол AIX және KASE алаңдарында орналастырылады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: