Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
"Ембімұнайгаз" АҚ ұйымдастырған егу пункттерінің арқасында қызметкерлерді вакциналау қарқыны едәуір жеделдеді. Коронавирусқа қарсы екпе алған жұмысшылардың төрттен бір бөлігі 2 компоненттен тұратын вакцинаның толық циклын алды.
Нұрбол МАХАМБЕТОВ, орталық басқару аппаратының бас бухгалтері:

– Еліміз бойынша вакцинациялау шарасы басталған мезетте – биылғы сәуір айының басында екпені бірінші рет алдым. Сосын араға 21 күн салып екінші рет тағы да алдым. Көңіл-күйім жақсы, жұрт айтып жүрген әлсіздікті, денсаулығымда ешқандай өзгерісті байқамадым.
Әрине, екпеден кейін кейбір адамдарда бас ауырған, дене қызуы көтерілген жағдайлар болғанын естідім. Бұл жерде екпеден кейінгі барлық өзгеріс әркімнің өзінің денсаулығына, иммундық жағдайына байланысты дер едім. Үнемі салауатты өмір салтын ұстанған, спортпен тұрақты айналысқан, дұрыс тамақтанып, денсаулығын әркез назарда ұстап жүрген жандар екпені жақсы көтереді. Екінші рет екпеден кейін қолыма паспортымды берді.
Ауырып, қиналып, ем алудың әр түрлі сатыларынан өткенше, ауырмаудың жолын іздеген абзал ғой. Коронавирус дертімен ауырмаймын деп ешкім де кесіп-пішіп айта алмайды. Екпе алғандар да дертке шалдығуы мүмкін. Тек екпе алмағандарға қарағанда оларда дерт жеңілдеу өтеді. Тіпті, мүлдем ауырмауымыз да мүмкін.
Берік БАЯМИРОВ, «Ембімұнайэнерго»басқармасының бас инженері:

– Әріптестеріммен бірге мен де вакцина алдым. Өзімнің және ағайын-тумам мен әріптестерімнің денсаулығына бей-жай қарай алмаймын. Сол үшін де екпе алдым. Бүгінгі таңда баршамызды алаңдатқан пандемияның салған зардаптарын көріп, естіп, оқып отырмын.
Қанмаша адам ауырды, өмірден өтіп кеткендер де біраз. Көптеген шаңыраққа ауыртпалық салған коронавирустың әлі қаншаға созыларын ешкім білмейді. Тіпті, Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жауапты мамандары бұл індеттің бізбен әлі біраз уақыт бірге болатынын айтып, дабыл қағып жатыр. Демек, сақтануды ешқашан да ұмытпауымыз керек.
Жайбарақаттыққа салынар кезең емес. Айналаңдағы жандардың, тума-туыстарың мен отбасыңның денсаулығы алаңдатса, екпе алуды өзімізден бастауымыз керек. Екпе – вирустан сақтанудың бірден-бір жолы.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
54
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
61
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы