Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қаражанбас – өмірін өндіріспен өрнектеген майталман мамандар ұстаханасы. Мұнда қара алтын игеру жолындағы еңбек адамдары компания ел ырысын еселеуге өлшеусіз үлес қосып келеді. Солардың бірі – технологиялық көлік департаментінің (ТКД) 7-дәрежелі машинисі Мұса Бутуев.
Ол 15 жылдан астам уақыттан бері автокранның «құлағында ойнайды». Кен орны объектілеріндегі әртүрлі ауыр жүктерді көтеру және тиеу жұмыстары Мұса үшін әсте қиын емес. Асқан жауапкершілік пен кәсібилікті талап ететін қызмет оның өмір салтына айналған.
«Қаражанбас кен орны мұнай саласындағы кез келген жұмысшы үшін үлкен мектеп. Білмегеніңді үйреніп, білгеніңді шыңдау арқылы өз ісіңнің шеберіне айналасың. Біз өзімізге жүктелгенін жауапкершілікті сезіне отырып, қызметімізді адал әрі кәсіби атқаруға бар күш-жігерімізді саламыз», - деді Мұса Бутуев.

Еңбегімен елге сыйлы азамат ұжымдастарынан көрген-білгенін, көкейге түйгенін аямайды. Ол өзінен кейінгі толқынға автокранмен жұмыс істеудің қыр-сырын үнемі үйретіп, кәделі кеңестерін айтып отырады. ТКД №1 гараж ұжымы сала ардагерін құрметті демалысқа шығарып салып, сәт сапар тіледі.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
44
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы