Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ акт залында Маңғыстау облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментіне тиесілі азаматтық қорғаныс саласының мамандары компания қызметкерлеріне арнап дәріс оқыды. Жиынға Бас директор Дәулетжан Хасанов және құрылымдық бөлім басшылары қатысты.
Жиынды азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай тобының жетекшісі Азамат Якиев ашып, ТҚЕҚ және өртке қарсы қызметінің жетекшісі Алтынбек Қазтұрғанов қоғам қызметкерлеріне арнап өрт қауіпсіздігі туралы нұсқау өткізді.

Төтенше жағдайлар департаменті, Азаматтық қорғаныс саласының офицері Бектас Мұратов қоғам қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың алдын алуға және жоюға, азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге бағытталған іс-шаралар туралы кеңінен ақпарат беріп өтті.
Азаматтық қорғаныс саласы біздің компаниямыз үшін аса маңызды бағыттардың бірі ретінде қызметкерлердің қауіпсіздігі мен Компаниямыздың тұрақтылығына да тікелей әсер етеді. Осы орайда бүгінгі дәріс қоғам қызметкерлерінің Азаматтық қорғаныс саласындағы білімі мен дағдыларын пысықтауына, келелі ақпарат алуына мол мүмкіндік сыйлады.

112
13 марта 14:53
К празднику Наурыз Нацперевозчик дополнительно предоставит 2177 мест в пригородных поездах
308
02 марта 16:44
В Богатырь Комир прошел спортивный праздник к Международному женскому дню
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
155
11 марта 17:14
Жители 55 отдаленных сел получили доступ к интернету