Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қызылорда телекоммуникация желілерін дамыту учаскесінің бастығы Алмас Райымбеков бүгінде 11 қызметкерге жетекшілік етеді. Ол – ұжымға абыройлы, үлгілі басшы.
Дегенмен Алмас та бұл лауазымға қажырлы еңбек пен талаптың арқасында жеткен болатын. 2009 жылы Қызылорда гуманитарлық университетін бағдарламашы мамандығымен бітірген соң, ол алғаш «Қазақтелекомға» жұмысқа орналасты.
«Мен жас кезден жаңа технологиялар, ақпараттық жүйелерді ұнатамын. Сондықтан бағдарламашы мамандығын таңдадым. «Қазақтелекомға» жұмысқа тұрғанда қызмет туралы басқаша ойлағаным рас. Кеңседе компьютердің алдында отырамын десем, үйлердің төбесіне, бағаналарға шығып, телефон желісін тартуға, байланысты өлшеуге және өзге де жұмыстарды атқаруға тура келді. Бірақ, соның арқасында көп нәрсені үйрендім», – дейді Алмас Райымбеков.
Еңбек жолы монтер қызметінен басталса, кейін электромеханик, инженер, жетекші инженер болды. Міне, бүгінде телекоммуникация желілерін дамыту учаскесін басқарып отыр. Алмастың қоластында 11 қызметкер жұмыс істейді, барлығы да басшысын сыйлайды, үнемі оған құлақ асады. Оның командасы жеке кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге интернет, телефон, ТВ орнатумен айналысады.

Алмастың арманы – компанияның игілігіне және жалпы телекоммуникациялар саласын дамытуға арналған жаңа жоба немесе технология әзірлеу. Ал «Қазақтелеком» компаниясы болса, қызметкерлерінің мұндай бастамаларына қашанда қолдау көрсетіп, іске асыруға көмектеседі.
Алмас қызметте үлгілі басшы болса, үйде қамқор әке әрі озат спортшы. Балаларының да әке жолын қуып, байланысшы мамандығын таңдауын қалайды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
212
19 марта 10:08
В Жамбылской области дали старт строительству ветропарка «Мирный» мощностью 1 ГВт