Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Дәрігерлер коронавирустан кейінгі синдромның нақты дәлелденген емі жоқ екенін айтады.
Балалар мен жасөспірімдерде коронавирус инфекциясы көп жағдайда жеңіл түрде өтеді. Бірақ қазірдің өзінде балалардың көпшілігінде мультижүйелік қабыну синдромы (МВС) дамуы мүмкін. Бұл синдром кейде ауруханаға жатқызуды қажет етеді. Мультижүйелік қабыну синдромы кезінде қабыну ми, бүйрек, жүрек, бауыр, өкпе, көз секілді әртүрлі мүшеге әсер етуі мүмкін.
Әзірге бұл синдромның тікелей қалай әсер ететіні белгісіз. Алайда қазірдің өзінде мультижүйелік қабыну синдромы бар көптеген балалардың ағзасында Covid-19 тудыратын вирус бар немесе олар коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен қарым-қатынасты болған. Бұл синдром өте ауыр өтуі мүмкін, тіпті өлімге де әкеп соғуы мүмкін. Десе де осындай диагноз қойылған көптеген баланың денсаулығы медициналық көмектің арқасында қалпына келеді. Осы орайда Қазақстанның отбасылық дәрігерлер қауымдастығының коронавирустан кейінгі синдромның балаларда қалай өтетінін түсіндірді.
Баладағы мультижүйелік қабыну синдромы белгілері қандай?
Егер сіздің балаңыздан мультижүйелік қабыну синдромы белгілерінің кемінде үшеуі байқалса міндетті түрде дәрігерге хабарласыңыз:
Барлық балада белгілердің бірдей бола бермейтінін есте сақтаңыз. Егер сіздің балаңызда мультижүйелік қабыну синдромының осындай алаңдататын белгілерінің бірі немесе басқа да көрсеткіштері болса, дереу жедел жәрдемнің көмегіне жүгіну керек:
"Ұзақ мерзімді" Covid-19 синдромы балаларда қалай өтеді?
Бүкіл әлемдегі педиатрлар мен отбасылық дәрігерлердің бақылауыша, Covid-19 жұқтырғаннан кейін адамның жаттығуларға төзімділігі төмендейді. Буындары қақсайды, шаршау сезімі пайда болып, миы тұманданады.
"Ұзақ мерзімді" Covid-19 синдромымен қанша баланың зардап шегіп жүргені әлі белгісіз. Дегенмен зерттеулер Италияда ауырған балалардың 40%-ына дейін және Англиядағы балалардың 15-20%-ына “ұзақ мерзімді” Covid-19 белгілерінің әсер ететінін көрсетеді.
⠀
Бұрынғы коронавирус инфекциясымен байланысты ұзақ мерзімді симптомдары бар балаларда келесі жағдайлар болуы мүмкін:
Ата-ана баласынан коронавирус инфекциясының “ұзақ мерзімді” белгілерін байқаса дәрігерге жүгіну керек.
"Балаңыздың мінез-құлқын мұқият бақылау маңызды. Осы белгілердің уақыт өте келе қалай дамитынын және оған ерте араласудың денсаулықты қалпына келтіруге қалай әсер ететінін түсінуге бағытталған зерттеулер жалғасып жатыр. Балаңызда бұрын расталған Covid-19 инфекциясы болмаса, сондай-ақ мектепте немесе отбасында коронавируспен ауырған адаммен ұзақ уақыт араласса бала аурудың симптомсыз түрін басынан өткеруі мүмкін", – деп мәлімдеді Қазақстанның отбасылық дәрігерлер қауымдастығы.
Дәрігерлер коронавирустан кейінгі синдромның нақты дәлелденген емі жоқ екенін айтады. Десе де құнарлы тамақтану, жақсы ұйқы және тұрақты дене қозғалысы ағзаны қалпына келтіруге көмектеседі. Осыған байланысты зерттеу әлі күнге дейін жүргізіліп жатыр.
Дереккөз: Информбюро