Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф сатысында елордалық «Барыс» елордада Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасымен төртінші ойынын өткізді, деп хабарлайды SKnews.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетелік, жеңістер сериясы бойынша «Металлург» командасы 2:1 есебімен алда тұрған болатын. Плей-офф сатысының Магнитогорскіде өткен алғашқы ойынында ресейлік клуб 7:3 есебімен жеңсе, одан кейін сол қалада болған тағы бір кездесуде «Барыс» овертаймда 2:1 есебімен жеңіске жетті. Ал 6 ақпанда елордада өткен кездесуде «Барыс» қарсыласына 1:2 есебімен жол беріп қойды.
Бүгінгі ойында қос команда жеңіске жеиуге бар күшін салды. «Металлург» сапынан Николай Прохоркин 3-минутта есеп ашса, 19-минутта «Барыс» хоккейшісі Мэтт Фрэттин таразы басын теңестірді.
Екінші кезеңнің 24-минутта ресейлік Николай Голдобин қайтадан өз командасын алға шығарды. Ал 26-минутта елордалық Джесси Блэкер мергендік танытты.
Ойынның 52-минутында Роман Старченко гол соғып, аталған кездесуде «Барыс» алға шықты. Қазақстандық Кирилл Панюков 59-минутта жеңіс шайбасын соқты. Елордалық клуб қарсыласынан 4:2 есебімен басым түсті. Осылайша жеңістер сериясы 2:2 есебімен теңесті.
Жарыс талабы бойынша плей-офф кезеңінің ширек финалында екі команданың біреуі төрт жеңіске жеткенге дейін созылады. Қажет болған жағдайда қосымша ойындар 10, 12, 14 наурыз күндеріне белгіленген.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
117
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»