Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф сатысында елордалық «Барыс» бүгін, 2 наурызда Ресейде «Металлург» (Магнитогорск) командасымен кездеседі, деп хабарлайды SKnews.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Жарыс талабы бойынша плей-офф кезеңінің ширек финалында екі команданың біреуі төрт жеңіске жеткенге дейін созылады.
Алғашқы кездесу 2 наурызда басталады. Магнитогорскіде сол күні және 4 наурызда екі ойын өтеді. Ал 6 және 8 наурыз күндері ойындар елордада болады. Қажет болған жағдайда қосымша ойындар 10, 12, 14 наурыз күндері өткізіледі.
Айта кетерлігі, «Барыс» құрлық хоккей лигасына биыл 13 мәрте қатысты. Соның он бірінде плей-офф сатысында бақ сынады. 2014, 2017, 2019, 2020 жылдарда жарыстың екінші кезеңіне шықты.
Екі команда бұған дейін плей-офф сатысында екі мәрте жолықты. 2011/2012 жылғы кезеңде шығыс конференциясында 1/4 финалда ресейлік клуб ойындар сериясында 4:3 есебімен жеңіске жетіп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Ал 2016-2017 жылғы кезеңде екі команда шығыс конференциясында жартылай финалда жолығып, ойындар сериясында елордалық команда қарсыласына 0:4 есебімен есе жіберді.
2019-2020 жылғы кезеңде шығыс конференциясында ширек финалда «Барыс» аталған қарсыласын жалпы серияда 4:1 есебімен қапы қалдырды.
Ойын елорда уақытымен сағат 21.00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан көрсетіледі.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
140
12 декабря 13:01
АО «Самрук-Қазына» снова в числе лидеров нефинансовой отчетности
122
11 декабря 22:17
Кто работает на ПНХЗ: прибористы