Главная Новости Бастық та басқа қызметке ауысады
10 желтоқсан 2018, 10:20 1919

Бастық та басқа қызметке ауысады

Бастық та басқа қызметке ауысады
«Қазтрансойл» компаниясында басшылықтағы мамандардың орын ауыстыру бағдарламасы қолға алынды. Негізгі мақсат - қызметкерлерге өз білімі және тәжірибесін басқа қызметте кеңінен көрсетуге мүмкіндік беру, жаңа ортада таныла білуіне жағдай жасау.

Бұл шешім құрылымдық бөлімшелердің жұмысын жандандырып қана қоймай, тыңнан өндіріске тыныс береді деген сенім зор. Осындай жауапты міндет жүктелгендердің бірі бұрын Жезқазған мұнай құбыры басқармасының бас инженері болып еңбек еткен, қазір Шығыс операторлық қызметтер көрсету басқармасының басшысы, отандық мұнай тасымалдау саласында 17 жыл бойы табан аудармай еңбек етіп келе жатқан Нұржан Күшжановты: «Үйреніп қалған бір аймақтан мүлдем танымайтын екінші жаққа қызмет ауыстыру қиын болған жоқ па?», - деп әңгімеге тарттық.

«Психологиялық тұрғыдан алғашында жатсынғаным рас. Дегенмен адам баласы бәріне де үйренеді ғой. Басқа ұжым болғандықтан әртүрлі адам, қилы мінездер болады. Бұл жаққа келгелі бір жылдан астам уақыт өтті,  ортақтасып еңбек етіп келеміз. Жалпы қызмет бойынша орын ауыстыру ең бірінші өзіңді тануға зор мүмкіндік деп білемін. Баршамыздың басымызды қосатын мұнай құбыры болғандықтан, орын ауыстырудан қорқудың қажеті жоқ», - деп жауап берген ол мұндай өзгерістің артықшылығы ретінде өткен жұмыста алған оң тәжірибені жаңа бөлімшеге енгізуді, алға қойылған міндеттерді барынша жедел әрі сапалы орындауға ынтаның артатынын атады.

Өндіріс пен ұжым ішінде түрлі жаңашылдықтар кәдеге жаратуда, Нұржан Күшжанов, «ҚазТрансОйл» АҚ  қызметкерлерінің  еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау, өнеркәсіп, өрт, көлік қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау, көшбасшылық, қызметкерлердің әдебі мен өзара қарым-қатынасы назарда ұсталатынын жеткізді.

Саналы түрде қауіпсіздікті сақтауға шақыру, сондай-ақ Ұжымдық шарттың негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында және туындайтын әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді мониторингілеу бойынша еңбек ұжымымен тұрақты негізде тоқсан сайынғы кездесулер болып тұрады екен. Басқарма бойынша оқиғалар туралы хабарлама жіберу тәртібі жөніндегі нұсқаулыққа сай, барлық жағдайдағы оқиғалар, құқықбұзушылықтар жөніндегі жұмыс  реттелген, болуы мүмкін штаттан тыс жағдайларға көңіл бөлу әрекеттері меңгерілуде, апатқа қарсы жаттығулар мен оқу-жаттығу сабақтары өткізілуде. Болашағы бар жас мамандар қатарынан ішкі кадрлық резерв құру бойынша  жұмыстар қолға алынған.

«Әрине жоспардың барлығын санамалап берудің қажеті болмас. Басты мақсатымыз – қауіпсіз, іркіліссіз мұнай тасымалын қамтамасыз ету, ұжымдағы тұрақтылықты, адамдарымыздың өмірін сақтау», - деп түйіндеді Нұржан Күшжанов.

Бейбіт БӨЖЕНОВ

bit.ly/2BRM316

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: