Главная Новости БЦС диагнозы қойылған балаларға арналған 8 оңалту орталығы салынады
26 қараша 2020, 15:51 716

БЦС диагнозы қойылған балаларға арналған 8 оңалту орталығы салынады

БЦС диагнозы қойылған балаларға арналған 8 оңалту орталығы салынады

IX Азаматтық форумына қатысқан «Samruk-Kazyna Trust» қорының PR директоры Мирас Іргебаев қордың әлеуметтік маңызға ие 500 жобаны жүзеге асырғанын хабарлады.

«Samruk-Kazyna Trust» қоры 10 жылдан бері әлеуметтік маңызға ие 500 жобаны жүзеге асырып, шамамен 1,5 миллион адамға көмек берді. Қор өз жұмысын жүйелілік, тиімділік және әлеуметтік маңыздылық қағидаларына сүйеніп жүргізеді. Біз үшін кез келген мәселенің шешімін жүйелі түрде тапқаны маңызды. Сондықтан да біз бір реттік қайырымдылық көмек көрсету бағытынан бас тарттық. Мәселе туынса, біз оны зерттеп, себебін анықтауға тырысамыз. Бұл алдағы уақытта оның ықпалын жүйелі түрде азайтуға мүмкіндік береді», – деді Мирас Іргебаев.

Оның айтуынша, Қор коронавирус пандемиясына қарамастан, биыл да өз жобаларын жүзеге асыруды жалғастырып келеді. Карантин жағдайында шаралардың көп бөлігі онлайн іске асырылды. Мәселен, «Замандас» балалар аула клубтарымен әріптестік жалғасып, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылардың балалары қосымша білім алуда. Сондай-ақ, «Дені сау балалар» жобасы аясында БЦС диагнозы қойылған балаларға оңалту шаралары көрсетіледі. Эпидемиялық жағдайға байланысты барлық кеңес беру шаралары онлайн форматқа көшірілген.

Мирас Іргебаев, сондай-ақ, «Samruk-Kazyna Trust» қоры Нұрсұлтан Назарбаев қорымен бірге БЦС диагнозы қойылған балаларға арналған 8 оңалту орталығын және 6 психологиялық түзеу кабинетін салу бойынша жоба жүзеге асырылатынын хабарлады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: