Главная Новости Еңбекті қорғауға қаржы үнемделмейді
27 қараша 2020, 07:07 838

Еңбекті қорғауға қаржы үнемделмейді

Еңбекті қорғауға қаржы үнемделмейді

«Ембімұнайгаз» АҚ-ның өндірістік құрылымдық бөлімшелерінің (бұдан былай ӨҚБ) қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі бойынша ағымдағы жылдың 9 айлық   қорытындысын шығарды, деп хабарлайды SKnews компанияның ресми сайтына сілтеме жасап. 

Компанияның басқарма төрағасы Есен Қайыржан шараның ашылу рәсіміндегі кіріспе сөзінде еңбекті қорғау және өндірістік қызметтегі қол жеткізген табыстары үшін ӨҚБ барша еңбек ұжымына, басшылығына алғысын білдірді:

«ҚазМұнайгаз» ҰК» АҚ басшылығымен өткен директорлар кеңесінде ағымдағы жылдағы компанияның қызметіне оң баға берілді. Бас компания басшылығының атынан және жеке өз атымнан пандемия кезіндегі қиын жағдайда еңбек еткен барлық өндірістік құрылымдық бөлімшелердің еңбек ұжымына алғыс айтамын. Бүгінгі шараның мақсаты – дөңгелек үстел басында жиналып, атқарған жұмыстың қорытындысын шығару, ортақ міндеттеріміз бен мақсатымызға жету үшін ортақ келісімге келе отырып, нәтижелі жұмысты жалғастыру», – деді Есен Қайыржан.

Ол, сондай-ақ, барлық ӨҚБ-дің өндірістік және қаржылық есептері  алғаш рет жаңа форматта тыңдалып отырғанына тоқталды.

«Жаңа формат олардың тараптарынан компания жұмысының тиімділігін арттыру мен бюджеттік тәртіпті күшейтуге қосқан үлестерін арттырады.  Қазіргі жағдай – мұнай бағасының құлдырауы мен мұнай өндіру көлемін шектеу туралы  ОПЕК+ келісімінің аясында, шығындардың құрылуына деген жауапкершілікті еселеп арттырады. Бұл талап еңбекті қорғау мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға кетер шығынға ғана қатысты емес. Бұл бағыттарға қаржыны үнемдеуге болмайды», – деді Ембінің басшысы.

Жиналыс барысында ӨҚБ басшылары аталған мерзімдегі еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өндірістік көрсеткіштер, күрделі құрылыс пен негізгі жабдықтарды күрделі жөндеу  динамикасы бойынша есептерін берді.

Үзіліс кезінде есептік жиналысқа қатысушылар үшін Орталық коммуникация ғимаратындағы интерактивті мұражайға, оқу аудиторияларына экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында Атырау мұнай-газ университетінің ректоры Гүлзада Шакуликова оқу ордасына көрсеткен қолдауы үшін Есен Қайыржанға «Алтын әріптес» естелік сувенирін тарту етті. Шараның екінші жартысында ембіліктер жобаларды басқарудағы жаңа әдістер бойынша тренингке қатысты.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: