Главная Новости Бесаспап Бекен. Ұстаздар әулетінен шыққан байланысшы
14 шілде 2021, 09:30 860

Бесаспап Бекен. Ұстаздар әулетінен шыққан байланысшы

Бесаспап Бекен. Ұстаздар әулетінен шыққан байланысшы

Желілік байланыс қондырғылары және абонент құрылғылары инженері Бекен Бақтыбековті әріптестері кез келген тапсырманы орындай алатын нағыз бесаспап маман деп санайды. Жамбыл облысы, Шу ЖТЦ-да жұмыс істеп жүрген жылдары Бекен қашанда арқа сүйеуге болатын таптырмас қызметкер болды.

Бекен Бақтыбеков политехника жоғары оқу орнын «Компьютерлік ақпарат және оны өңдеу жүйелері» мамандығымен бітірген. 2004 жылы «Қазақтелекомға» келіп, сатылым учаскесінің маманы қызметіне орналасты. Екі жылдан кейін техникалық есепке қою және паспорттау электромонтері лауазымына ауысты. 2012 жылы желілік байланыс қондырғылары және абонент құрылғылары инженері болды.

«Менің жұмыс күнім жұмыстағы поштаны тексеру және бір күндік тапсырмаларды белгілеуден басталады. Материалдарды қабылдап аламын, жіберемін, желілердің жерсінгенін, кәбілдердің өлшемдерін тексеремін. Бізде қызметкерлер көп емес, сондықтан түрліше тапсырмаларды орындай беремін, Байланыс қондырғыларын орнатамын, кейде абонентпен даулы мәселені шешуге де тура келеді, тағысын тағы», – дейді Бекен.

Шу ауданының желі-техникалық цехында 34 адам жұмыс істейді, олар 7000 абонентке қызмет көрсетеді. Әлденеден ақау шыққанда немесе өндірістік қажеттілік туындаса, қызметкерлер қалаған уақытта келіп, мәселені шешіп кетеді.

«Біздің отбасында бәрі оқытушы, ал мен байланысшымын. Осы мамандықты таңдағаныма қуанамын. Біздің ұжым өте ұйымшыл, жұмысымыз қызыққа толы әрі тұрақтылық, әлеуметтік қорғау, оқып, кәсіби тұрғыдан өсуге мүмкіндік бар», – дейді әріптесіміз.

Бекен бос уақытында есігінің алдындағы бақшаға қарайды, балыққа барады, жаяу көп жүреді. Үнемі үйде де, жұмыста да бақытты екенін айтады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: