Главная Новости Бейімделген дене тәрбиесі кедергілерді жеңеді
17 августа 2020, 08:30 5539

Бейімделген дене тәрбиесі кедергілерді жеңеді

Бейімделген дене тәрбиесі кедергілерді жеңеді

Соңғы уақытта бейімделгендене тәрбиесітуралы жиі естіп жүрміз. Бұның«ерекше» балалар үшін маңызы қандай, әлеуметтік ортада олардың өз орнын табуына қалай көмектеседі және осыған байланысты тағы басқа мәселелер төңірегінде біз «Другая жизнь» қоғамдық қорының жетекшісі Камилла Ситасмановамен сұхбаттастық. Әрісптестерімен бірге Талдықорған қаласында бейімделген дене шынықтырузалын ашқан ол бүгінде осындай игі іспен айналысуда.

- Камилла Рүстемқызы,әңгімеміздің басында«бейімделген дене тәрбиесі» дегеніміз не екенін айтып беріңізші?

- Бейімделгендене тәрбиесідегеніміз -бұл ерекше қажеттіліктері бар адамдарды оңалтуға/абилитациялауға бағытталған спорттық жаттығулар кешені. Ол қалыпты әлеуметтік ортаға бейімделуге ықпал етеді, толыққанды өмірге кедергі келтіретін физикалық ғана емес, психологиялық барьерлерді де жеңуге көмектеседі. Сонымен қатар, бейімделгендене тәрбиесі коммуникациялық функциялар және ұжымда өзара әрекеттесу қабілетін, адамның дербестігімен санасын дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар әлеуметтік өзара ықпалдастықпенадамның әлеуметтенуін дамытады.

- Бұл жаттығулар түрін дамытқаннеге маңызды?

- Оған себеп болып отырған жоғары сұраныс. Жыл сайын ерекшеліктері бар балалардың саны артып келеді.Өзіңіз ойланып көріңізші, әлемдегі әрбір 59-шы бала аутизмнен зардап шегеді. Өкінішке орай біздің елдегі нақты статистиканы келтіре алмаймын, өйткені бұл мәселе бойынша мекемеаралық байланыс жоқ.Бірақ үкіметтік емес ұйымдардың бағалауы бойыншабұл диагноз кемінде60 мың балада бар.

Мысалы,психологиялық, медициналық, педагогикалық қолдау ұйымдарының ресми мәліметтерінесүйенетін болсақ Талдықорған қаласында 120 осындай бала тұрады. Бұл тек ресми тіркелгендері. Іс жүзінде олардың саны әлде қайда көп.

Сонымен бірге, қоғамда бұл мәселеге қатысты көзқарастың өзгергенін атап өту қажет. Бүгінде ерекше балалардың ата-анасы оларды қоғамның толыққанды мүшесі ретіндекөргісі келеді, олардың спорт болсын, басқа да салада жетістіктерін көруін армандайды.

- Сіз «Әрекет-2019» жобасына қатысып, грант алушыларының қатарына ендіңіз. Сіздің бастама әлеуметтік кәсіпкерлік тұрғысынан қалай жүзеге асып жатқанын айтып берсеңіз.

- Біздің жоба аутистік спектрі бұзылған балаларды арнайы дене шынықтыру сабақтары арқылы абилитациялауды көздейді. Сондықтан «Samruk-Kazyna Trust» қорының көмегімен жобамыздың іске қосылғанына қуаныштымыз. 25 жеңімпаздың қатарында болу-біз үшін өте маңызды.Бізге сенім артып, үміт білдірген адамдардың алдындағы жауапкершілігіміз зор.

Грант қаражатына біз бейімделген дене тәрбиесі бойынша жаттықтырушыларды оқытып, қажетті құрал-жабдықтар сатып алдық. 2019 жылдың қазан айынан бастап карантин енгізілгенге дейін 30-ға жуық бала сабаққа қатысты. Сабақ аптасына 1 сағаттан 3 рет тұрақты түрде өткізіледі. Жиналған қаражат жаттығу залының шығындары мен қызметкерлердің жалақысына жұмсалады.

- Аз уақыт ішіндеайтарлықтайжетістікке қол жеткізгендеріңізді жақсы білеміз. Солардың ішінде қайсысынатап өтуге болады?

- Біз әр 2-3 ай сайын барлық балалардың дамуына мониторинг жүргізіп отырамыз және әрқайсының бойында бүгінде айтарлықтай өзгерістер бар деп айтуға болады: ұсақ және ірі моторика менқимыл қозғалыс үйлесімі,көзбентүйісу жәнешағын топтағыөзара іс-қимыл жақсарды, имитация дағдылары күшейе түсті, жаттықтырушының нұсқаулықтары жақсы орындалатын болды.

- Пандемия бүкіл әлемді өзгерткені белгілі. Ал сіздер карантинді қалай өткізіп жатырсыздар? Бұл күндеріоқшауланған балаларды қалай қолдап отырсыздар?

- Әрине карантинбіздің жұмысқа кері әсерін тигізді. Жаттығуларды тоқтатуға тура келді. Өкінішке орай, сабақты онлайн түрде өткізу мүмкін емес, себебі бұл жердеерекше тәсіл қажет, ал үйде ата-ана кәсіби жаттықтырушыдай бола алмайды. Бірақ біз ата-аналарға қолдау көрсетуді тоқтатқан жоқпыз.Баланың бос уақытын қалай түрлендіру мен физикалық белсенділігін сақтап қалуды үйреттік.

Карантин кезінде жағымды жаңалықтар да болды. Жаттығуларды өткізетін жаңа орын тауып, жөндеу жұмыстарын жүргізіп алдық.Енді шағын болса да өзіміздің меншік залымыз бар.Ол жердебірнеше сабақ өткізіп те үлгердік, бірақ қайта жарияланған карантинге байланысты қызметіміз тағы тоқтап қалды. Қазір шектеулер алынады деп, жаңа топтарды жинаудамыз. Амандық болса әлі талай балаларға көмектесеміз.

- Ерекше балалардың әлеуметтенуіндегі ата-ананың рөлі зор. Бұл мәселе бойынша оларға қандай кеңес бере аласыз?

- Ерекше бала тәрбиелеп отырсаңыз, ең бастысы- тұйығып,мейірімді жандардың көмегінен бас тарпаңыз. Еш нәрсеге қарамастан қоғамдық жерден қашпаңыз- қыдырыңыз, қонақтан қалмаңыз, балалар алаңына барыңыз. Балаңыздың сырқатынан ұялмаңыз, оның ерекше болып жаратылғанын жасырудың қажеті жоқ. Керісінше әрдайым көңілді болу керек, ауруға төтеп бере аламыз деген мінезден тайынбаңыз. Әрине бұның барлығына қоса жақсы мамандармен ақылдаса отырып, баланы ұдайы жаттықтыру қажет.

- Әңгімеңізге рахмет!

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: